Жаңа сөздерді теріп жазыңыз, аударыңыз, сөз тіркестерін құраңыз.
Сөздерді сәйкестіріңіз, сәйкес келген сөз тіркестерін аударыңыз.
Ұлт
Тіл
Жоғары білім беру
Тәжірибе
Міндетті
Біліктілікті
Сынақтан
Білім
Бакалавр
Қосымша
оқу
тазалығы
дәрежесі
мәдениеті
жүйесі
гранттары
өту
алмасу
жетілдіру
сынақ
Сәйкес келген сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңыз.
Айтылым. Өз оқу орныңыз жайлы, кредиттік технология жүйесі туралы ойыңызды айтыңыз.
Жазылым. Сауалнаманы толтырыңыз:
Мәдени орындарда өзіңізді қалай ұстайсыз? Басқаларға қандай үлгі көрсете аласыз? Достарыңызбен қарым-қатынасыңыз қандай? Қандай жақсы қасиеттеріңіз бар? Кейінгі уақытта қандай кітап, шығарма оқыдыңыз? Театрға жиі барасыз ба? Жаман әдеттерден қалай арылуға болады? Өмірдегі кумиріңіз кім?
Оқылым. Мәтін бойынша өз ұсынысыңызды айтыңыз
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесі де кең ауқымды. Жоғары білім беру жүйесінің аясында институт, жоғары білім беру мектептері, университет және академиялар жұмыс істейді. Бұл оқу орындарына түсу үшін талапкер арнайы міндетті сынақтан (тест) өту керек. Білім министрлігі бөлген арнайы гранттарды конкурс бойынша сынақтан ең жоғары балл жинаған талапкерлер иемденеді. Олар жоғары оқу орнында тегін оқиды. Басқа жағдайларда талапкер оқуы ақылы. Жоғары оқу жүйесі қазіргі уақытта батыс елінің жоғары білім беру үлгісін басшылыққа алады. Бұл үлгі бойынша студент төрт жыл оқып бакалавр, қосымша екі жыл оқып магистр дәрежесін алады.
Грамматика: Көмекші есімдерді қатыстырып, берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз:
Оқу жүйесі, жоғары білім, кредиттік технология, оқу-әдістемелік кешендері, мемлекеттік емтихан, тереңдетіп оқыту, жаңаша әдіс- тәсілдер, білім нәтижесі, сессия қорытындысы.