Семинар сабағына әдістемелік нұсқау Семинар сабақ №1



бет2/6
Дата03.12.2023
өлшемі31,13 Kb.
#133335
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Семинар сабақ №3. «Әліппені» оқыту үдерісі
Мақсаты: Әліппенің әдістемелік ерекшеліктерін таныту.
Бақылау сұрақтары: Әліппеге дейінгі кезеңнің мақсаты қандай? Осы кезеңде қандай тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік беріледі? Әліппе кезеңінің қандай әдістемелік ерекшеліктері бар?
Әдістемелік нұскау: 1. Әліппе оқулығының құрылымы мен мазмұнын талдау арқылы бағдарламалық талапқа сәйкес кезеңдерін анықта. Сөйлеу, сөйлем, сөз, дыбыс оқу материалдарының берілу ерекшелігіне назар аудар. Әліппе кезеңі материалдарын дыбыс жүйелі талдау-жинақтау әдісін қолдануды мүмкін ететіндей жағдайда талдауға тырыс.
Әдебиеттер:
1. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Әліппе» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде). Астана, 2021
2. Әліппе: жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық / Ә. Е. Жұмабаева, Н.Құрман, Б.Сәбденова - Алматы: Атамұра, 2021.–108б.


Семинар сабақ №4. «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер
Мақсаты: «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелермен таныстыру.
Бақылау сұрақтары: «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер, коммуникативтік тәсілдеме, зерттеушілік тәсілдеме, жүйелік-іс-әрекеттік тәсілдеме.
Әдістемелік нұскау: ««Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер» тақырыбында кейс әзірлеу
Әдебиеттер:
1.Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі жұмыс дәптері (2-4), Алматы, «Атамұра», 2017, 2018, 2019.
2.Әлімова А.Қ., Қосанов Б.М., Базарбекова Р.Ж. Интербелсенді әдістеме. Алматы, 2010. -115 б.


Семинар сабақ №5 «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі» пәндерінің оқу-әдістемелік кешендерімен жұмыс істеу ерекшеліктері
Мақсаты: Бастауыш сыныпқа арналған «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі» пәндерінің оқу-әдістемелік кешендерімен жұмыс істеу ерекшеліктерін таныстыру.
Бақылау сұрақтары: «Әліппенің» оқу-әдістемелік кешеніне не жатады? «Ана тілінің» ше? «Қазақ тілінің» әдістемелік кешенін нелер құрайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет