Семинар сабағының Әдістемелік ұсынысы (барлық білім алушылар үшін)



Pdf көрінісі
бет48/56
Дата27.02.2023
өлшемі1,57 Mb.
#70147
түріСеминар
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56
Байланысты:
Тарих практика

 
 


Семинар 27. Қоғамдық-саяси дамужәнерухани даму 
Жоспары: 
1. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары (1992-2017жж.). Қазақстан халықтарының
форумы (1992 ж.). 
2. Қазақстандықтардың ұлтаралық келісімі – тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың 
кепілі. 
3. Қазақстан халқының көші-қонының, демографиялық және этникалық құрамының
өзгерістері. 
4. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен
жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
Сабақтың түрі: проблемалық семинар  
Тақырыпты оқытудың мақсаты мен міндеті: «Халық тарих толқынында» мемлекеттік 
бағдарламасының мақсаты мен оны жүзеге асырудың басымдықтары, Елбасының Ұлытаудағы 
Қазақ мемлекеттілігіжайындаой-тұжырымдары жәнеҚазақстанның патшалық Ресейдің 
бодандығын қабылдауы туралы жаңа көзқарас тұрғыдан білім беру;
Тақырыпты оқытудың әдістемелік нұсқаулары:Халықтың тарихи дүниетанымын 
ұлттық тарихымыз арқылы кемелдендіру, әрі әлемдік тарихнамадағы сан ғасырлық қазақ 
тарихының көкжиегін кеңейтудің аса маңыздылығы – мемлекетіміздің алдына қойған үлкен 
міндеттерінің бірі.Сондықтан дадәріс барысында Президент ұсынған «Тарих толқынындағы 
халық» атты тарихи бағдарламаның басымдықтарына ерекше назар аудару. Мемлекет басшысы 
тұлғасының ұлттық тарихтың жаңа белесіндегі рөлін ашып көрсету және ғылыми тұрғыдан 
зерделеу. Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін айта білу қабілетін дамыту. 
«Қазақстан – 2050» Стратегиясынан туындайтын Ұлытау сұхбаты – бүгінгі Қазақстан 
қоғамының рухани жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айғақтайды.Осы тұрғыдан 
алғанда,Елбасының Қазақ мемлекеттілігі туралы ой-тұжырымдарын зерделеу арқылы 
студенттердіңтуған елінің дәстүрлі мәдениетіне қатысты дүниетанымдық құндылықтар мен 
қағидаларын түсіну үшін тарихи құбылыстарды талдау, түсіндіру дағдыларын тереңдету 
көзделеді.
Кеңестік тарих ғылымында «Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды» деген тұжырым 
біржола орнығып, отарлаудың салдары прогрессивті етіп көрсетілді.Тәуелсіздік жылдары 
отарлау салдарының әрқилылығы анықталды. Қазақ халқы үшін тиімді және қасірет әкелген 
тұстары шынайы зерттеле бастады. Осы ретте аталған тақырып объективтітүрде тарихи 
оқиғалардың сабақтастығы негізінде жаңа көзқарастар тұрғысында талдау және студенттердің 
тарихи оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет