Семинар 28. Қоғамдық-саяси даму. Жоспары: 1.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен
жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
2.Елдідемократияландыруға, саясижүйеніжаңғыртуғабағытталғансаясат.
3. Парламенттің рөлінің артуы және еліміздің саяси жүйесіндегі өзгерістер.
4.Қаңтар оқиғасы. Сабақтың түрі: проблемалық семинар Тақырыпты оқытудың мақсаты мен міндеті:Қазақ халқы және мемлекеттілігінің
қалыптасуы туралы жаңа көзқарас тұрғыдан толық түсінік беру,ұлттық мемлекеттілік хақындағы
Елбасы
Н.Ә.
Назарбаевтың
еңбектерінің
жәнеқазіргі
тарихнамадағы
қайта
бағалаудаортағасырлық ғұламалар еңбектерінің маңызын ашып түсіндіру.
Тақырыпты оқытудың әдістемелік нұсқаулары: ХV-ХVІ ғасырлардағы қазақ этносы
мен Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу үдерісін талдау, Қазақ хандығының алуан түрлі
мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулердегі жаңа көзқарастар мен пайымдаулар негізінде
салыстырмалы сараптау. Қазақ хандары саясатының негізгі бағыттары жайында жан-жақты
мәлімет бере отырып, студенттердің аталған пәннен жинаған білімдерін тексеру, алған білімдерін
дәріс барысында пайдалана білуге үйрету, білімгерлердің ой-өрісін, танымын кеңейту.
ЕлбасыН.Ә. Назарбаевтың Қазақ хандығына қатысты ой-тұжырымдарын зерделеу.«Ғасырлар
тоғысында» атты еңбегінде: «...Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті
кезең... Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық маңызы Қазақ хандығының Орталық Азиядағы
тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр» деп атап көрсеткен еді. Сондай-ақ, қазіргі
тарихнамада қайта бағалауда ортағасырлық ғұламалар еңбектерінің баға жетпес құндылығына
баса назар аудару. Осы ретте З. Бабырдың «Бабыр-намасын», К. Бинаидың «Шайбани-намесін»,
М. Х. Дуғлатидің «Тарих- и Рашидиін», Қ. Балхидің «Тарих-и Қыпшағын», Қадырғали бектің
«Жами ат-таварихын», Әбілғазының «Түрік шежіресін» және басқаларын арнайы бөліп көрсетуге
болады.Қазіргі отандық тарихнамада қазақ халқының қалыптасуын «қазақ» этнонимінің пайда
болуына, бұл жөнінде М. Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінде, «Бабыр-намеде» келтірілген
мәліметтер басшылыққа алынып келеді.Ал, кейінгі ортағасырлық сияқты мемлекеттер жөнінде
соны дерек көздерінің бірі ХVІ ғасырда Хорезмде жазылған Өтеміш-қажы ибн Маулана
Мухаммад- Достидың «Шыңғыс-наме» («Шыңғыс кітабы») тарихи шығармасының ғылыми
айналымға қосылуы отандық тарихнаманың жетістігі болды. Ортағасырлық ғұламалар
еңбектерінің тарихи құндылығы туралы мәлімет бере отырып, студенттердің өз пікірлерін ортаға
салу, талдай білу дағдыларын жетілдіру.