Ортағасырлық Европада университеттік білім беру шіркеудің бақылауына тәуелді бола
отырып, білім берудің жаңа бір формасы-лекцияны шығарды. Антикалық дәуірдегі сұхбаттасу
арқылы оқыту тәсілі біртіндеп өз маңызын жоя бастады. Ол көзде студенттердің практикалық
сабағының басты мақсаты мен негізгі міндеті ақиқатты іздеу емес, діни догмалардың қорғалуы
мен олардың негізін қалыптастыру еді. XIX ғ. екінші жартысында білім берудің тек лекциялық
формасы жеткіліксіз екендігі айқын бола бастады. 70-ші жылдары Мәскеу университетінің
Тарих-филология факультетіңде
практикалық сабақтар, яғни атап айтқанда тарихи деректерді
зерттеуге негізделген семинар сабақтары өткізіле бастады. Практикалық сабақтар біртіндеп заң
факультетінде де жүргізіле бастады. Сабақтың мұндай жаңа формаларын сол көздегі көптеген
алдыңғы қатарлы профессорлар іздестіре бастады. Дегенмен семинар сабағы оқу процесінің
заңды формасы ретінде қарастырылмады және профессорлардың көпшілігі мен студенттердің
өздері де семинар сабағын жеткілікті бағаламаған болатын.
XIX ғ. соңы мен XX ғ. бастапқы кезеңіндегі жаратылыстану
ғылымдарындағы
революциялық өзгерістер студенттердің практикалық сабағын оқу процесіне кеңінен еңдіруді
талап етті. Қазан төңкерісінен кейін 1917 ж. кеңестік жоғары мектепте практикалық сабақтар
(гуманитарлық ғылымдарда семинар деп аталады) алғаш рет, лекциямен бірге ресми түрде
таныды. Ал Қазақстан Республикасының университеттерінде оқу процесінде жүргізілетін
сабақтарының негізгі формасы лекциялық және практикалық (семинар)
сабақтар болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: