Семинар сабағының әдістемелік ұсынысы (барлық мамандық студенттері үшін)



бет13/85
Дата12.01.2022
өлшемі423,5 Kb.
#23956
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85
Тақырып 1. Пәнге кіріспе

Жоспары:


1. Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері

2. Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектілігін айқындау

3. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы
Мақсаты: Пәнді оқытудың теориялық-әдіснамалық бағытын анықтап, деректері мен тарихнамасын талдау, Қазақстанның ұлттық тарихы мәселелері маңызын ұғыну.

Негізгі ұғымдар: Отандық тарих, қазақ мемлекеттілігі, ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір, саяси даму, әлеуметтік-экономикалық даму, мәдени даму, Қазақстанның қазіргі заман тарихы, тарихи деректер, тарихнама

Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар: білім алушы дәріс мазмұнын толық түсіну үшін «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің мақсаты мен міндеттерімен таныс болуы керек.

Тәуелсіз Қазақстан тарихын жоғары оқу орындарында пән ретінде студенттерге оқыту барысында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңі тарихын оқытудың тұжырымдамалық ұстанымдарын саралап алғанымыз дұрыс. Тарихты оқытудың қалыптасқан жүйесі және негізгі қағидалары Тәуелсіз Қазақстан тарихы пәнін оқыту барысында да қолданылады. Тақырыпты оқып-үйренуде отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері, қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір, мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары туралы білуі керек. Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектілігін айқындау қажет. «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы» маңызын түсіну ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы тарихқа деген бетбұрысты айқындайды. Әлемдік-тарихи үдерістер мәнмәтініндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы, оның кезеңделуі мен тарихи деректері және тарихнамасының талдануы жөніндегі зерттеулерге басты назар аударған жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет