Социал-демократия – саяси бағыт. ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Ағымның түпкілікті мақсаты – еңбекші бұқараның, алдымен жұмысшы табының хал-ахуалын жақсарту, қанауға қарсы күшін ұйымдастыру, ұйымдасқан жұмысшы табы басқаратын, бүкіл еңбек етуші бұқараның жағдайын ойлайтын социал қоғам орнату.
Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.