Семинар сабағының әдістемелік ұсынысы (барлық мамандық студенттері үшін)



бет11/85
Дата12.01.2022
өлшемі423,5 Kb.
#23956
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85
Байланысты:
Семинар әдістемесі 2021

Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs – қала, urbanus – қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс.

Шаруашылық есеп – белгілі бір істі орындауға жұмсалған шығындардың істің нәтижесіне сәйкес болуын және соның арқасында шығынның орны толтырылып, өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету әдісі.

Шовинизм (фр. chauvinisme – Наполеон Бонапарттың басқыншылық саясатына табынушы солдат Николя Шовеннің атына байланысты шыққан сөз) – шектен шыққан, жауыққан ұлтшылдық идеологиясы және саясаты, шовинизм фашизм идеялары мен саясатында ашық көрініс тапты, шовинист өз ұлтын, тобын, табын басқалардан артық көріп, асыра бағалайтын адам.

Экономика (гр. Οικονομία – үй шаруашылығын жүргізу өнері) – материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет