Экономикалық саясат – мемлекеттің ішінде де , сыртында да жүргізілетін экономикалық шаралар жүйесі.
Эмиграция (лат. emіgzaze – елден кету) – өз еліңдегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.
Экспансия (лат. expansіo – таралу, тарату) – монополистік бірлестіктердің, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың экономикалық әдістермен де, басқа әдістермен де (аумақтарды қарулы күшпен басып алу, дипломатиялық қысым жасау, т.б.) ықпал ету аясын кеңейтуі.
Экспроприация– буржуазиялық құқықта – мемлекеттік билік жүргізетін жеке мүлікті тегін немесе ақылы шеттету; социалистік революцияның жеңісінен кейін капиталисттер мен помещиктердің өндіріс құралдарына меншігінен мәжбүрлі айыру.
I Модуль. Қазақстан тәуелсіздік жолында: даму кезеңдері, ұлттық құрылыс идеялары мен ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстанға тигізген салдарлары және Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы