1. КОКП-ның әміршіл-әкімшіл басшылық рөлі мен М.С.Горбачевтың демократияшыл, реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.
2.Жариялылық пен демократияны насихаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер.
3. Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.
4. Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы.
5. 1991ж тамыз бүлігі. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
Мақсаты: «Қайта құру» жылдарында болған (1985-1991 жж.) елдегі кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің созылмалы дағдарысын, республиканың қоғамдық-саяси өмірін, КСРО-ның ыдырауы қарсаңындағы кеңестік қоғамдағы әлеуметтік-саяси үдерістерді, Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуын, қоғамдық қозғалыстар мен алғашқы саяси партиялардың құрылуын, кеңестік кезеңдегі тарихи-демографиялық жағдайын, ХХ ғасырдағы қазақ диаспорасы туралы оқып-үйрету.
Негізгі ұғымдар: демократияшыл реформаторлық қызмет, жариялылық, ұлттық шиеленістер, Желтоқсан көтерілісі, Президенттік институт.