Негізгі ұғымдар: соғыстан кейінгі кезең, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, экономиканы қайта құру, әкімшілік-аумақтық өзгерістер, Хрущевтік «жылымық» кезең, әлеуметтік-экономикалық дамудың сипаты, тың және тыңайған жерлерді игеру, номенклатуралық топ, өнеркәсіптік, аграрлық реформалар, этно-демографиялық саясат, әскери-өнеркәсіптік кешен, тоқырауға ұшырау, экологиялық мәселелер.
Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:
Аталған тақырыпты оқып-үйренуде К. Төлентаеваның (Төлентаева К. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Зият Пресс», 2006.), Б. Адамбековтің (Адамбеков Б.К. ХХ ғасырдағы Ресей империясы, Кеңес мемлекеті және ТМД тарихы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005.), Б.Аяған, Х.Әбжанов және Д.Махаттың (Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ.Аяғанның жалпы редакциясымен. –Алматы: Раритет, 2010.), сонымен бірге Е.Қандық (Қандық Е.С. Қазақстан тарихы (Кеңес дәуірі және тәуелсіз Қазақстан) Оқулық. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012.), Т.Садыковтың (Садыков Т.С., Кеңестік тоталитарлық саясат және Қазақстан қасіреті. Оқу құралы. – Алматы: Эверо) еңбектеріне назар аудару қажет. Аталған тақырыпты оқып-үйренуде отандық тарих бойынша белгілі ғалымдар Б.Аяған, Х.Әбжанов, Ч.Мусин, Ж.Артықбаев (Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық. – Алматы «Раритет», 2010, Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2010, Мусин Ч. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2008, Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. - Астана, Фолиант, 2000, Ибраева А. Ғ. Қазақстанның жаңа заман тарихы: оқу-әдістемелік құрал. - Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2015, Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. XX век. - Алматы: ЮАТ. - 1997.) және т.б. баспадан жарияланған зерттеу еңбектерге басты назар аударған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |