Семинар сабағының тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы



бет19/25
Дата14.10.2023
өлшемі69,42 Kb.
#113896
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер ХХ ғасырдың басындағы қазақ зияткерлік-рухани элитасының қалыптасу процесінің мәнін ашып, соған сәйкес ауызша сауалға дайындалады және кесте құрастырады. Студенттер Алаш қозғалысының тарихына байланысты соңғы ғылыми зерттеулерді зерделеп, оның тарихи маңызын ашу керек. Қазақ зиялыларының еңбектеріне шолу жасап, олардың ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың рухани дамуындағы рөлін анықтауы тиіс.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы, 1995.
2. Алаш қозғалысы. Движение Алаш. / Құжаттар мен материалдар жинағы /. т. 1-4. – Алматы, 2004, 2005, 2010.
3. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы, 1995.
4. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. ІІ кітап. – Алматы, 2016.
5. Аманжолова Д. Движение Алаш в 1917 году. – М., 1992.
6. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Хрестоматия. (1917-1939). 1 т. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
7. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 3-том. – Алматы: Атамұра, 2002.
8. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 3-кітап. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
9.Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2018.
10.Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Дәрістер курсы. – Алматы: Қазақ университеті, 2018.


11-АПТА. 21-СЕМИНАР. 1 САҒАТ. 5 Б.
21-семинар сабағының тақырыбы: Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы.
Семинар сабағының жоспары:
1. Коммунистік партияның қоғамдық өмірдегі билігінің күшеюі (ХХ ғасырдың 20-30 жж.).
2. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
3. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны.
4. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм.
Сабақтың мақсаты: Тоталитарлық режимнің қалыптасу жылдарындағы Кеңес үкіметінің саясатының мәні мен мазмұнын жаңа архив материалдары негізінде ашу. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Кеңес өкіметі жүргізген әкімшіл-әміршіл бағыттағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жан-жақты талдау.
Методикалық нұсқаулар: Студент деректер мен зерттеу еңбектерін пайдалана отырып, мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің мәнін ашады. Қазақстандағы «Кіші Қазан» идеясы мен ұжымдастыру идеясының мәнін ашады. Қазақ зиялыларының еңбектеріне сүйене отырып, олардың индустрияландыру мәселесіне қатысты ұстанымдары мен теориялық пікірталастарына талдау жасайды. Мәдени дамудың қарама-қайшылықтарын анықтау үшін архив құжаттары мен материалдарды пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет