Семинар сабағының жоспары: 1. Ерте темір дәуірінің мәдениеті мен археологиялық ескерткіштер (әр аймақты жеке топ таңдап алыңыздар):
(Оңтүстік Қазақстан): Бесшатыр қорымы, Есік қорғаны
(Орталық Қазақстан): Тасмола мәдениеті ескерткіштері
2. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің жазба деректері мен зерттелуі.
Қазақстан тарихы (Қазақ елі). 1-кітап. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – Б. 51-55.https://elib.kaznu.kz/book/3849
3. Сақтар мен сарматтардың әлеуметтік, қоғамдық-саяси құрылымдары.
4. Ғұндардың шығу тегі мен саяси тарихы.
Семинар сабағының мақсаты:Қазақстан территориясындағы темір дәуіріндегі тайпалардың этникалық, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-шаруашылық, мәдени дамуына талдау жасау.
Әдістемелік нұсқаулар:Студенттер семинар барысында басты назарды тарихи деректерге және картаға аударады. Оқытушы семинарда бірнеше кіші топтарға бөлінген студенттерге деректер жайлы мәліметтер береді (мысалы, Герадот, Бехустин жазбалары, қытай деректері, Сыма-Цянның мәліметтері және т.б.). Оқытушы деректер бойынша сұрақтар береді, берілген семинар сұхбат алу түрінде жүргізіледі, студенттердің деректермен жұмыс істеу қабілеті бағаланады. Ғұн империясының әлемдік тарихтағы орны анықталады. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, картамен жұмыс жасайды.
3 АПТА.6 СЕМИНАР.1 САҒАТ. 5 Б.
6 семинар сабағының тақырыбы: Үйсін, қаңлылардың этносаяси бірлестіктері.
Ұлы дала тарихындағы үйсіндер мен қаңлылардың ішкі және сыртқы саяси құрылымының ерекшеліктеріне, тайпалардың этникалық және әлеуметтік тарихына жазба деректер мен зерттеу еңбектері негізінде талдау жасап, рухани және материалдық мәдениеті туралы ауызша баяндау, зерттеу еңбектерімен жұмыс жасау.
Семинар сабағының жоспары: 1. Үйсіндердің шығу тегі мен этносаяси бірлестіктері.
2. Қаңлылардың шығу тегі және саяси тарихы.