Семинар сабағының тапсырмалары



Дата14.09.2023
өлшемі15,15 Kb.
#107156
түріСеминар
Байланысты:
1 практика praktika 1 tema ekonomikal k teoriya negizderi zhane adisteri


1 семинар сабағының тапсырмалары
1 тақырып Экономикалық теорияның пәні мен әдістері
Тақырыптың жоспары:
1. Экономикалық теория пәнінің мақсаты мен міндетін анықтау
2. Экономикалық теорияның дамуының негізгі бағыттары
3. Экономикалық ғылымды зерттеу әдістері

Келесі бақылау тест сұрақтары бойынша тапсырмаға жауапты орындап, платонусқа жіберу керек.




Тақырыптың бақылау тест сұрақтары:
1. Экономикалық теория пәні:
А) Ұлттық нарықтың дамуын.
В) Қоғамның дамуын.
С) Бағаны қалыптастыру процесін.
D) Адамдардың материалдық жағдайын толығымен қамтамасыз ету үшін шектелген ресурстарды тиімді пайдаланудың жолын іздейді.
Е) Экономиканы басқарудың шаралық жиынтығы.

2. Экономикалық теория нені зерттейді?


А) Адамның табиғатқа, затқа қатынасын.
В) Адамның қоғамға қатынасын.
С) Өндіргіш күштерге қатынасын.
D) Қоғамдық өндірістегі адамдар арасындағы қатынасты.
Е) Адамдардың қарым-қатынасын.

3. Табиғат және қоғам заңдарының бірлігі неде?


А) Адамдардың экономикалық қарекеттері арқылы көрінеді.
В) Адамдардың қарекетіне байланыссыз.
С) Олар объективті сипатта.
D) Тарихи сипатта болуы.
Е) Мәңгілік болуы.

4. Өндірістің шектеулілігі дегеніміз не?


А) Олардың көмегімен барлық қажеттіліктерді бір уақытта және толық қанағаттандыру мүмкін емес.
В) Тауарлар көлемінің ұлғаюы.
С) Ресурстар тек қана тұтыну заттар өндірісіне жұмсалады.
D) Ресурстар өндіріс құрал-жабдықтарын өндіруге жетпейді.
Е) Қоғамдық шығындардың төмендеуі.

5. Экономикалық математикалық модель:


А) Фирманың мүмкіндіктерін толық ескереді.
В) Экономикалық теорияның құралы.
С) Әр түрлі уақыттағы жүйенің параметрлерін толық анықтайды.
D) Ұлттық шаруашылықты басқарудың мүмкіндіктерін туғызады.
Е) Экономикалық даму мақсаттарын анықтайды.

6. Өндіріс құрал-жабдықтары дегеніміз не?


А) Құралдар.
В) Капитал бөлігі.
С) Барлық материалдық ресурстар.
D) Еңбек заты және еңбек құралдары.
Е) Еңбек ресурстары және капитал.

7. Қай мектеп өкілдері айналыс сферасын қарастырды?


А) Кейнсиандықтар.
В) Физиократтар.
С) Классикалық.
D) Меркантилизм.
Е) Маржинализм.

8. Физиократтардың экономикалық көзқарастары нені сипаттайды?


А) Байлықтың көзі материалдық өндірісте.
В) Байлықтың көзі саудада.
С) Байлық өндірілетін сала ауыл шаруашылығы.
D) Мемлекеттің экономикаға тікелей араласуын.
Е) Нарықтық экономиканың тиімділігін.

9. Маркстік экономикалық теориядағы негізгі қағидалары қандай?


А) Қосымша құн теориясы.
В) Шекті пайдалылық теориясы.
С) Экономикалық өсу теориясы.
D) Сұраныс теориясы.
Е)Ұсыныс теориясы.

10. Төменде айтылған қандай түсінік экономикалық цикл фазасына жатпайды:


A) Инфляция.
B) Дағдарыс.
C) Күйзеліс.
D) Көтерілу.
E) Жандану.
Әдебиеттер тізімі:

  1. Бауэр М.Ш., Мұрсалова Х.Н. «Экономикалық теория» - оқу құралы. С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ, 2016 ж. Астана.

  2. Бауэр М.Ш., Мұрсалова Х.Н. «Экономикалық теория негіздері» - оқу құралы. С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ, 2016 ж. Астана.

  3. Кенжеболатова М.Ш., Мұрсалова Х.Н. «Экономикалық теория» - оқу құралы. С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ, 2011 ж. Астана.

  4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: «Жалпы экономикалық теория». Алматы-Ақтобе, 2002ж., 2-11бет.

  5. Әубәкіров Я., Нәрібаев Қ., Есқалиев К. «Экономикалық теория негіздері» оқулық, Алматы: 1998ж., 1-10бет.

  6. Әубакіров Я.А. Экономикалык теория негіздері. Алматы , 1998жыл.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет