Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


-жаттығу. Сөйлемдердің ішінен зат есімдерді жеке теріп жазып, оларды сөз құрамына қарай талдау жасаңыз



бет15/48
Дата18.12.2023
өлшемі243,44 Kb.
#140388
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
2-жаттығу. Сөйлемдердің ішінен зат есімдерді жеке теріп жазып, оларды сөз құрамына қарай талдау жасаңыз.
Қызғаныш пен аяныш екі жақтан қысқан адал жан бір тыныс іздегендей ауыр күрсініп, Шығанаққа қарады (Ғ. Мұст.). Екеуі аулаққа, ойпатқа кетіп барады (Ғ. Мұст.). – Жамалымның өлігі табылса, барлық еңбек күнімді берсем де, мен де бір ескерткіш орнатам... – деген ойда келе жатты Олжабек (Ғ.Мұст.). Електің ойында бақша, қырында дәнді егіс (Ғ. Мұст.). Балапан торға жем іздеп түскен екен (Ғ. М.). Жұмсақ құм өзінен өзі үгітіліп, жамбасқа жайлы төсек бола кетті (Ғ. М.).
Күндіз өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді (Ғ.Мұст.). Қурайлы көлін қоршаған қалың егінші, түнде жауын болғандықтан, жердің дегдуін күтіп, егінге күндегіден кешірек шыққан (Ғ. Мұст.).
– Әй, егеуді қалдырма, егеуді! (Ғ. Мұст.). Бұларды өткізбеске, әдейі жасаған бөгет секілді (Ғ. Мұст.).

✅ Қызғаныш (зат есім) – түбірі қызған – етістік, -ыш – зат есім тудыратын жұрнақ.


Аяныш – түбірі – ая – етістік, -ныш- з.е. туд. жұрнақ.
Тыныс, жан – зат есім
Екеуі – түбірі – екеу – жинақтық сан есім, -і- з.е. туд. ж.
Жамалымның – түб. – Жамал з.е. –ым- тәу. жал. 3 жағы, -ның- ілік септігі.
Өлігі – түб. –өлік – з.е. –і- тәу,жал, 3 жағы.
Еңбек – зат есім
Ескерткіш – зат есім
Бақша – түб. –бақ – з.е. –ша – сөз түрлен. ж.
Еліктің, жердің – түбірі – елік з.е. –тің-ілік с.ж.
Балапан, жем, құм, төсек, бөгет – зат есім
Егінші – түб. – егін – з.е. –ші – сөз туд. ж.
Егеуді – түбірі – егеу – з.е. – ді –т.с.
Бұлар – түбірі – бұ – сілтеу есімдік, -лар-көптік ж.


3-жаттығу. Мына көмекші есімдерді сөйлем ішінде келтіріп, бірнеше мысал жазыңыздар.
Алда, артта, ішінде, қасында, жанында, ішіндегі, қасындағы, алдағы, сыртта, іште, сырттағы, арасында, маңында, маңындағы, алға, артқа, ішке, ішіне, үстіне, астына, астындағы, үстінде, маңына, жанына.


Тексеру блогі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет