Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


Сын есімнің шырайлары туралы көзқарастар



бет18/48
Дата18.12.2023
өлшемі243,44 Kb.
#140388
түріСеминар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
3. Сын есімнің шырайлары туралы көзқарастар

Біртектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әртүрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп атайды. Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:


Салыстырмалы шырай бір заттың сынын (я сапасын, түсін) екінші заттың бір тектес сынымен, белгісімен салыстырып, сол салыстыратын белгілердің (түстердің) бір-бірінен я артық, я кем екенін білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалады. Ол қосымшалар
1) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек: үлкен-үлкенірек, ащы-ащырақ, биік-биігірек, жасыл-жасылырақ, қалың-қалыңырақ т.б.
2) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: толық-толықтау, кіші-кішілеу, қоңыр-қоңырлау, ұзын-ұзындау, т.б.
3) -ғыл,-қыл,-ғылт,-қылт, -ғылтым,-қылтым: сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым, т.б.
4) -шыл,-шіл, -шылтым,-шілтім: мысалы: ақшыл, ақшылтым, көкшіл, көкшілтім, ақшылтым.
5)-ғыш, ілдір: сарғыш, көгілдір, бозғыш, т,б.
6)-аң,-қай,-ша,-ша. қуаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкше, ақша, сұрша, т.б.
Күшейтпелі шырай біркелкі сындардың бірінің екіншісінен не өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі. Ол бір заттың бастапқы сынын (белгісін) күшейтіп, асыра көрсетіп тұрады да, күшейтпелі буын немесе өте, аса, ең, тым, нағыз, орасан, ыңғай, кілең, тіпті, т.б. күшейткіш үстеулері арқылы жасалады:
а) қызыл-қып-қызыл, жас-жап-жас, ұзын-ұп-ұзын, қысқа-қып-қысқа, толық-топ-толық, т.б. Тек ақ, көк сөздері күшейткіш буын үстелгенде аппақ, көкпеңбек болып бірігіп жазылады.
ә) биік - тым биік, тәтті – аса тәтті, жақсы – ең жақсы, күшті - өте күшті, т.б
Сын есімнің шырай категориясы жалпы сын есімнің түрлену жүйесі емес, тек сапалық сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты. Шырай қосымшалары түбірге қосымша мән, реңк үстейтінін мысал арқылы салыстыра отырып талдау жүргізу. Жай шырай туралы ғалым С.Исаевтың пікірі. Жай шырайдың шырай түрлерінің бірі ретінде шырай шеңберіне кіре алмайтыны, өйткені ол өзі басқа шырай түрлеріне мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да оппозициялық қатар құрай алмайтындығы.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет