9-семинар сабақтың тақырыбы:
Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері
«Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері» тақырыбы бойынша етістіктің есімше, көсемше, қимыл атауы атты түрлерінің өзіндік мәні мен ерекшеліктерін танытуға берілетін сұрақтар:
Есімше, көсемше, тұйық етістік тұлғаларының етістіктің ерекше тұлғалық түрлері аталуының себебі
Есімше, көсемше, тұйық етістіктер етістіктің грамматикалық, лексика –граммматикалық категорияларының шеңберіне енбейтін өзіндік мағыналық және грамматикалық ерекшелігі бар етістік тұлғалары екендігі.
Академиялық грамматикада: «Есімше – етістік пен сын есім арасындағы аралық категория»,-деп көрсете отырып, мынадай анықтама берілген: «іс-әрекеттік мәнін заттың сапалық белгісіне айналдыра отырып, бірде етістік, бірде есімдер қызметін атқаратын, есімдерше де, етістіктерше де түрленетін ерекше форма». Семантикалық жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да, тұлғалық жағынан да тіліміздегі басқа категориялардан өзіндік ерекшеліктері бар етістіктің ерекше түрі. Мысалы: Білгенге маржан, Білмеске арзан.
Есімше, түрлері, мағынасы мен қызметі, түрленуі.
Есімше, біріншіден, жіктеліп келіп, шақтық мағына білдіріп, етістіктің бір тұлғасы, грамматикалық категориясының (шақ) көрсеткіші болса, екіншіден, есімдерше түрленіп (көптеліп, тәуелденіп, септеліп), қатыстық-анықтауыштық, субстантивтік мәнді білдіріп, екі жақты қызмет атқарады.
Есімшенің жасалуы мен түрлері.
Есімше етістіктің негізгі, туынды түбірлеріне, етіс, болымсыз етіс тұлғаларына мынадай жұрнақ қосу арқылы жасалады:
1) -қан, -кен, -ған, -ген арқылы өткен шақ есімше жасалады: бар+ған, кел+ген.
2) -ар, -ер, -р, с – болжалды келер шақ: барар.
3) -мақ, -мек – мақсатты келер шақ: бармақ.
4) -атын, -етін - өткен шақ.
Түрленуі.
Көптік жалғау: -ған/-ген, -атын/-етін тұлғалық жалғау.
Есімшенің барлық түрі тәуелденеді.
Барлық түрі септеледі.
Барлық түрі де тікелей жіктеледі.
Сөйлемнің барлық мүшесі бола алады
Достарыңызбен бөлісу: |