Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


-кесте ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАРЫ



бет36/48
Дата18.12.2023
өлшемі243,44 Kb.
#140388
түріСеминар
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Байланысты:
Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы «Морфология және сөз-emirsaba.org

24-кесте ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАРЫ



Анықтамасы

Етістіктің аналитикалық форманты деп қосымша мен көмекші етістіктің бірлігінен тұратын, категория мағынасын білдіретін күрделі морфемалық көрсеткішті айтамыз.




Құрылысы (құрамы)

Олардың өзіндік мағынасы, қолданылу орны, сөзге тіркесу заңдылығы, сөзде алатын орны бар.


Етістіктің аналитикалық форманты негізінен бір қосымша мен бір көмекші етістіктен тұрады. Олар сөйлемде дербес сөзге тіркеледі.


Аналитикалық форманттар

-а ал, -п ал, -а бер, -п бер, -п кел, -п шық, -й шық, -а баста, -а жазда, -п жібер, -п қал, -а қал, -п кет, -е кет, -п қой, -п сал, -а сал, -п түс, -е түс, -п бар, -а бар, -п отыр, -п тұр, -п жүр, -п жат, -п жатыр, -а жатыр, -п таста, -п бақ, -п ет, -п біт, -п көр, -ған бол, -ғы кел, -п көр, -й көр, -са еен, -са игі, еді, -п еді, -ғай еді, -атын еді, -мақ еді, -са еді, -ер еді, -ар еді, еді емес, жоқ т.б.





Қалып етістіктерінің жіктелу ерекшелігі 25-кесте
Қалып етістіктеріне есімдерше жіктік жалғауларының толық түрі тікелей жалғанады, етістіктер ішінде есімше сияқты жіктеледі. Қалып етістіктерінің 3-жақ жіктік тұлғасы бұйрық райдың 2-жақ тұлғасына сәйкес келеді.


Қалып етістіктері


Жекеше түрде жіктелуі


Көпше түрде жіктелуі

Отыр

Мен отыр+мын
Сен отыр+сың
Сіз отыр+сыз
Ол отыр Ǿ

Біз отыр+мыз


Сендер отыр +сыңдар
Сіздер отыр+сыздар
Олар отыр Ǿ

Тұр

Мен тұр+мын
Сен тұр+сың
Сіз тұр+сыз
Ол тұр Ǿ

Біз тұр+мыз


Сендер тұр+сыңдар
Сіздер тұр+сыздар
Олар тұр Ǿ

Жатыр

Мен жатыр+мын
Сен жатыр+сың
Сіз жатыр+сыз
Ол жатыр Ǿ

Біз жатыр+мыз


Сендер жатыр+сыңдар
Сіздер жатыр+сыздар
Олар жатыр Ǿ

Жүр

Мен жүр+мін
Сен жүр+сің
Сіз жүр+сіз
Ол жүр Ǿ

Біз жүр+міз


Сендер жүр+сіңдер
Сіздер жүр+сіздер
Олар жүр Ǿ

Қалып етістіктерінің


бұйрық рай тұлғасында жіктелуі:
Отыр

Мен отыр+айын


Сен отыр Ǿ
Сіз отыр+ыңыз
Ол отыр+сын

Біз отыр+айық


Сендер отыр+ыңдар
Сіздер оты+ыңыздар
Олар отыр+сын

Тұр

Мен тұр+айын
Сен тұр Ǿ
Сіз тұр+ыңыз
Ол тұр+сын

Біз тұр+айық


Сендер тұр+ыңдар
Сіздер тұр+ыңыздар
Олар тұр+сын

Жатыр (жат)


Мен жат +айын


Сен жат Ǿ
Сіз жат +ыңыз
Ол жат +сын

Біз жат+айық


Сендер жат +ыңдар
Сіздер жат +ыңыздар
Олар жат +сын

Жүр

Мен жүр+ейін
Сен жүр Ǿ
Сіз жүр+іңіз
Ол жүр+сін

Біз жүр+ейік


Сендер жүр+іңдер
Сіздер жүр+іңіздер
Олар жүр+сін

26-кесте




Қалып етістіктеріне толымсыз көмекші «еді, екен» етістіктерінің тіркесуі






еді (-м, -ің, -ңіз)

Отыр
екен



еді (-м, -ің, -ңіз)

Жатыр
екен



еді (-м, -ің, -ңіз)

Тұр
екен



еді (-м, -ің, -іңіз)

Жүр
екен

27-кесте


Қалып етістіктерінің аналитикалық формант құрамында беретін мағынасы


Форманттары


Білдіретін мағыналары


Мысалдар

-ып отыр


Амалдық ұзаққа созылатынын аңғару


Әңгіме айтып отырыңыздар


-а отыр

Амалды жол-жөнекей жүзеге асыру

Әңгіме айта отыр.


-іп тұр

Амалдың дағдылы қалыптағы күйін аңғарту

Сурет көріп тұр.


-е тұр

Амалдың белгілі бір мезетке дейін жалғаса беру реңкі

Суретті көре тұр


-п тұр

Амалдың бір қалыппен істеле беруін білдіру

Бала ойнап жүр.


-й жүр

Амалды жол-жөнекей іске асыра беру

Түсінбегеніңді сұрай жүр.


-п жатыр


Амалдың ұзақ жүргізіле беретінін білдіру


Қонақтар көп келіп жатыр.


-а жат

Амалды жарыстыра жүзеге асыруды аңғарту

Әңгіме айта жатыңыз.





Жаттығу блогі


  1. жаттығу. Негізгі, туынды етістіктерді екі бөліп теріп жазыңыз, олардың басты белгілерін атаңыз.

Қазір енді көлденең көзбен қарап, не жазғандарын тұтас сынап отырған Нартай да күлімдейді (Ғ. М.). Қасында бір жаны ашырлар барын сезініп, Жабайдың құлазып жатқан жан жүрегі де жылынып кетті (Ғ. М.). Осының бәрі аз болып отырғандай, жиенімсіп, еркінсіп, қалжақтап Сейіт келе қалыпты (Ғ. М.). Абайсыздағы мінезінен ұялып қалғандай қызарып кетті (Ғ. М.). Айтқанда, анау-мынау емес, өмір бойы есіңде жүрсін дегендей, қадағалап, шегелеп тұрып айтты (Ғ. М.). 




  1. жаттығу. Туынды етістік жасаушы жұрнақтарды тауып, оған сипаттама беріңіз.

Босатсам, шағым айтпасқа ант бересіңдер ме? (М. Ә.). Қыз кенет ойланып қалды (X. Е.). Елден келген адамдарға жолығамын (X. Е.). Ел өртенеді мына бүліктен (М. Ә.). Не жақсылық орнаттық (М. Ә.). Жүзі өзгеше қуарып, қолдары дірілдеп кетті (М. Ә.). Ішінен жәбірленсе де, үндемей оңай көнді (Ғ. М.). – Кісі басына он тиыннан кемітейік (Ғ. М.).Аттарды жортқызбай, жігіттерді дабырлатпай Жабайға әлсін-әлсін сусын бергізіп отырды (Ғ. Мүсрепов). Зәреміз енді тіпті қатты ұша бастады (С.Мұқанов).




  1. жаттығу. Мына сөздерден өздік етіс жасаңыздар.

Қи, көр, қыс, жаз, кер, жу, тара, қара, қос, бер, сөз, сыла, ойла, қозға.




  1. жаттығу. Мына сөздерден ырықсыз етіс жасаңыздар.

Сал, қой, апар, ал, айт, қос, бекі, тарт, баста, ора, қала, жи, іл, әкел, аш, беге, байқа.




  1. жаттығу. Мына етістіктерден өзгелік етіс жасаңыздар.

Айт, қал, кел, жүр, отыр, ал, же, ерле, тыңда, сайла, шық, кет, таны, тоқта, есті, түс, көн, панала, дүрілде.




  1. жаттығу. Мына сөздерден ортақ етіс жасаңыздар.

Сөйле, бөл, ал, айт, біл, сұра, байла, арала, ойла, сана, бақ, сүрт, сыбырла, біт, қой, қабатта, жібер, қалдыр.



7-жаттығу. Өздік, ырықсыз етістерді тауып, айырмасын көрсетіңіздер.
Отағасы тұңғиық үйірімдей қозғала отырып сөйледі (М. Ә.). Күн арқан бойы көтерілген екен (М. Ә.). Менімен кездесуге ізденіп жүр дегенді алдында естігенмін (М. Ә.). Үнсіз-түнсіз бұрылды да, өз үйіне қарай жүре берді (Т. Ахт.). Тиісті шара қолданылады (Т. Ахт.). Сіз қазір, пәтеріңізге барып, жуынып, тамақтанып, ұйықтап алыңыз (X. Е.). Енді ұзамай саған сөз беріліп қалатын түрі бар (Т. Ахт.). Қаламұш көшенің екі бетінде алшақ салынған тоқал үйлердің ортасымен колхоз басқармасына келе жатыр (Т. Ахт.). Шай да дұрыс ішілмеді, пісірген тамақ та сол күйі желінбей қалды (X. Е.). Хакім көзі көпке дейін ілінбеді (X. Е.). 

Тексеру блогі


Тест- карточка: Салт және сабақты етістіктер

1. Салт етістік қай сөйлемде?


А) Әсем сылқ-сылқ күлді.


В) Дәкен қария шаршап-шалдығу дегенді білмейді екен.
С) Малды бақсаң, қой бақ, май кетпейді шарадан.
Д) Үлкен кісімен сөйлескенде қолды қалтада салып тұрма.
Е) Кейде сол станоктарды түсінде көреді.

2. Сабақты етістік жасайтын етісті көрсет.


А) Қартта қасіретпен бірге өз өнеріне деген мақтаныш та бар еді.


В) Үй иесі қонағына, жолаушы жол серігіне сенеді.
С) Құдабай шал қалақтай домбыраны күйге бебеулетіп отыр.
Д) Солтүстікте ақ түтін боран басталды.
Е) Мен сізге балаларды корлатқыздыр-маймын.

3. Салт етістік


жасайтын етісті
көрсет.

А) Келемін тау ішшде түнделетіп.. (С. )


В) Ғылым таппай, мақтанба Өнер таппай, шаттанба. /Абай/
С) Ол баласына өлең айтқызды.
Д) Жанна пластинка қойды.
Е) Білмессің, бәлкім сен бүгін әкеңнің ізгі арманын.

4. Етіс жұрнағының етістікке қабаттасып жалғанын табыңыз.


А) Таң атқанша тарандық (М.Ә.)


В) Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды.
С) Мінгіш аттарын да ауыстырып келе жатқан (М. Ә.)
Д) Мамасы, босат еркін өссін тал шыбық (М. М.)
Е) Ал енді бір сәтте оның аяғы жерге тимеді.
(С. Б.)

5. Салт, сабақтылық


мән немен байланысты?

А) грамматикалық тұлғасымен


В) грамматикалық мағынасымен
С) алдыңғы сөздің жалғауымен
Д) лексикалық мағынасымен
Е) жұрнақтарымен




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет