Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


Субстантивтену процесі, зат есімнің сөйлемдегі қызметі



бет12/48
Дата18.12.2023
өлшемі243,44 Kb.
#140388
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
Байланысты:
Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы «Морфология және сөз-emirsaba.org

3.Субстантивтену процесі, зат есімнің сөйлемдегі қызметі.
Зат есім тудыратын жұрнақтар. Қазақ тілінде зат есім болып саналатын сөздердің көпшілігі қосымша арқылы жасалған туынды сөздер болыр табылады. Ондай жұрнақтар үлкен екі топқа бөлініп жүр. 


1.Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:


-шы,-ші: етік-ші, балық-шы, аң-шы. Бұл жұрнақ арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп, мамандық, бірдеңеге икемділікті білдіреді. 


  1. -лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік: жақсы-лық, шебер-лік, шын-дық, дос-тық, т.б. Ондай сөздер жалпылық, қалыптық, қатыстық мән білдіреді. 

  2. –шылық,-шілік құранды жұрнағы: егін-шілік, кем-шілік, тір-шілік, айырма-шылық, т.б. 

  3. -ша,-ше: бөлім-ше, кітап-ша, маңдай-ша,т.б.

  4. -шық,-шік: ойын-шық, үй-шік, қап-шық,т.б. 

  5. -ыл,-іл,-л: тарс-ыл, гүрс-іл, дір-іл, т.б. Бұл сөздер көбіне еліктеу сөздерге жалғанып, сол құбылыстың атын білдіреді. 

  6. -хана, -стан, -кеш сияқты араб-парсы тілдерінен енген қосымшалар: дәрі-хана, кітап-хана, Қазақ-стан, арба-кеш. 

  7. 2.Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар: 

  8. -ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе: бөл-ме, мін-бе, тоқы-ма. 

  9. -ым,-ім,-м: бөл-ім, біл-ім, тый-ым, тоқта-м, байла-м. 

  10. -қы,-кі, -ғы, -гі: шап-қы, бұр-ғы, сүз-гі, ашыт-қы. 

  11. -ыс,-іс,-с: жең-іс, айт-ыс, бөл-іс, тала-с, тойтар-ыс. 

  12. -ық,-ік,-қ,-к: қаз-ық, тоз-ық, сұра-қ, тіле-к. 

  13. -ақ,-ек, қ,-к: қон-ақ, тіре-к, күре-к, жат-ақ. 

  14. -ғыш,-гіш, қыш,-кіш: бас-қыш, сүз-гіш, қыр-ғыш, 

  15. сыпыр-ғыш. 

  16. -ын,-ін,-н: жау-ын, ег-ін, түй-ін, жи-ын. 

  17. -ыш,-іш,-ш: қуан-ыш, сүйен-іш, өкін-іш, қызған-ыш. 

  18. -уыш,-уіш: тырна-уыш, еле-уіш, түйре-уіш. 

    23.-ман,-мен: оқыр-ман, көрер-мен. 


    2. Зат есімде реңдік мәнді білдіретін сыйлау, еркелету, кішірейту, менсінбеу, т.б. сияқты қосымшалар бар. Мысалы:
    -еке,-қа, -ке(ң): Жәке, Мұқа, Асеке, апеке, жездеке. 
    -ай,-й: апай, ағай, атай, жездей, қарағым-ай.
    -тай,-жан: ағатай,әкетай, Әсетжан, Ермекжан. 
    -қай,-қан: балақан, балақай, ботақан.
    -шақ,-шек: құлыншақ, келіншек. 
    -шық,-шік: қапшық, үйшік, көлшік.
    -ша,-ше: кітапша, кілемше, қобдиша. 
    -ш: серкеш, бикеш, Құрмаш, Зәуреш.
    -сымақ: ақынсымақ, батырсымақ.
    Басқа сөз таптарының қолданыс барысында зат есімге айналуы субстантивтену деп аталады. Мысалы: егеу, бояу, қашау, жасау, айтыс, тартыс, жарыс, қойма, көмбе,т.б. етістіктен заттық мәнге ауысқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет