Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»



бет40/48
Дата18.12.2023
өлшемі243,44 Kb.
#140388
түріСеминар
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
1-жаттығу. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлерін тауып, сөз құрамындағы мағыналары мен қызметіне қарай талдау жасаңыз, өзіндік белгілері мен түрлену ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
Ұлан байтақ кең далада мал бағып, ұзақ күндері кең табиғат құшағында, мал өрісінде, түндері жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қазақ халқы табиғат құбылыстарын бақылаудан туған көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілім жинақтаған. ... Қазақтар шексіз кең далада мал бағу, көшіп-қону, жолаушы жүру, түн қату және аң аулау, төрт құбыланы анық айыру, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап, бағыт-бағдарды дәл табусияқтыларды ұрпақтарына үйретіп ұқтырған.

✅✅Бағып – баяндауыш, бақ - түбірі етістік, -ып- көсемше жұрнағы


Өткізген – баяндауыш, өт – түбірі етістік, -кіз-өзгелік етіс жұрнағы, -ген- есімшенің жұрнағы
Бақылаудан – толықтауыш, Бақыла – түбірі етістік, -у- тұйық етістік жұрнағы, -дан- шығыс септігінің жалғауы.
Туған – баяндауыш, ту – түбірі етістік, -ған- есімшенің жұрнағы
Қорытып – баяндауыш, қоры – түбірі етістік, -т- өзгелік етіс жұрнағы, -ып- көсемшенің жұрнағы
Жинақтаған – баяндауыш, жина – түбірі етістік, жинақта – бұйрық рай, -ған- есімшенің жұрнағы
Бағу – баяндауыш, бақ – түбірі етістік, -у- тұйық етістік жұрнағы
Жүру – баяндауыш, жүр - түбірі етістік, -у- тұйық етістік жұрнағы
Аулау – баяндауыш, ау – түбірі зат есім, -ла- сөз тудырушы жұрнақ, -у- тұйық етістік жұрнағы
Айыру – баяндауыш, ай - түбірі зат есім, -ыр- сөз тудырушы жұрнақ, -у- тұйық етістік жұрнағы
Қарап – баяндауыш, қара - түбірі етістік, -п- көсемшенің жұрнағы
Үйретіп - баяндауыш, үйрет - бұйрық рай, -іп-көсемшенің жұрнағы,
Ұқтырған , ұқ – түбірі етістік, -тыр- өзгелік етіс жұрнағы, -ған- есімшенің жұрнағы.


2-жаттығу. Есімшелерді тауып, жұрнақтың мағынасын түсіндіріңіз.
Көкшенің көлеміндегі сұлу жерден оның араламағаны болған жоқ (С.М.). Көкшені анасындай сағынатын еді (С.М.). Қайт, шырағым, ауылға ренжіткенімнің алды-арты осы болар... (С.М.). – Тартыңдар қолдарыңды! – деді Бүркітбай, айнала адырая қарап, сендерсіз менің өзім де жететінмін (С.М.). Көп жасаған емес, көп көрген білер (Мақал). Жөн бергенде талай қиын жерден қаралған кісіні ақтап, алып шығатынмын (С.М.).

✅✅Есімшенің жұрнақтары етістіктің сөйлемдегі қызметін өзгертіп тұр. Яғни етістік бірде баяндауыш, бірде бастауыш, бірде анықтауыш қызметінде жұмсалып тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет