Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


-жаттығу. Тұйық етістіктерді тауып, олардың қалай түрленіп тұрғанын, өздеріне тән ерекшеліктерін көрсетіңіздер



бет42/48
Дата18.12.2023
өлшемі243,44 Kb.
#140388
түріСеминар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48
Байланысты:
Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы «Морфология және сөз-emirsaba.org

4-жаттығу. Тұйық етістіктерді тауып, олардың қалай түрленіп тұрғанын, өздеріне тән ерекшеліктерін көрсетіңіздер.
Қарғитын бала қарама-қарсы отырған балалардың арасынан секіріп-секіріп өтуге тырысады. Қарғитын бала ұстатпай жылдам секіріп өтуге тырысады, отырғандар ұстап алуға тырысады (С.М.). Сол ойы Игіліктің осы үйге келіп түсуімен де келіп шиеленісіп еді (Ғ.М.). Жүріп-тұруға өте құмар (С.С.). Екеуі жол қысқаруына бір-біріне ермек, серік болды (С.С.). 

5-жаттығу. Әр лексика-грамматикалық категорияның ерекшеліктеріне байланысты етістікке сипаттама бере отырып, оларға мағыналық және тұлғалық жағына талдау жасаңыз.
1. Мұнда оп-оңай ғана істей салатын дайын малды сатып ақшасын ала қоятын нәрсе ерлік болса, жұрт шетінен батыр атанбай ма? /Х.Есенжанов/. 2. Сол-ақ екен, Ерден бірден көне қалды /Қ.Тоқмырзин/. 3. –Кет жөніңмен, деп мені отырған орнымнан жұлып ала желкемнен итеріп-итеріп жіберді /Ш.Құмарова/. 4. Мұндай-мұндай күлкілі жайлар құрдастардың арасында болып жүреді /Ә.Әбішев/. 5. Үлкен кемелер су үстіне төнген бұлттардың астымен өтіп жатады /Г.Андерсен/. 6. Дәмелі Рахметті байқамағансып отыра берді /С.Ерубаев/. 

6-жаттығу. Мысалдағы етістіктерді грамматикалық категория түрленуіне қарай ажыратып талдаңыз.
Жаман мына құдық басына неге қайта-қайта қарай береді /Ә.Кекілбаев/. 2. Ғани конвертті дереу ашып жіберіп, оқуға кірісті /М.Иманжанов/. 3. Көлден жеңіл бу көтеріліп, еептеп жайылып ауқымын барған сайын дамыта түсті /О.Бөкеев/. 4. Бірдеме айтқала оқталып келе жатты да, кенет қоя салды /І.Есенберлин/. 5.Жандос көңілденіп, бірден сөйлей жөнелді /А.Жақсыбаев/. 6. Ал Сатай лезде терлеп қоя берді /С.Мұратбеков/. 7. Мұны айтқан кішкентай қызды Мақан бірден тани кетті / З.Шүкіров/.

✅✅Жаман мына құдық басына неге қайта-қайта қарай (-й- көсемше жұрнағы, осы шақ) береді /Ә.Кекілбаев/. 2. Ғани конвертті дереу ашып жіберіп (-іп- көсемше жұрнағы, осы шақ ), оқуға кірісті /М.Иманжанов/. 3. Көлден жеңіл бу көтеріліп (-іп- көсемше жұрнағы, осы шақ), ептеп жайылып (-ып- көсемше жұрнағы, осы шақ) ауқымын барған сайын дамыта түсті /О.Бөкеев/. 4. Бірдеме айтқалы оқталып (-ып- тұлғасы арқылы етістіктің көсемше түрі. Грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметі етістікке жат. Үстеудің қызметін атқарып тұр. Қалай?) келе жатты да, кенет қоя салды /І.Есенберлин/. 5.Жандос көңілденіп, бірден сөйлей (-й- көсемше жұрнағы, ауыспалы осы шақ) жөнелді /А.Жақсыбаев/. 6. Ал Сатай лезде терлеп (-п- көсемше жұрнағы, осы шақ ) қоя берді /С.Мұратбеков/. 7. Мұны айтқан (-қан- көсемше жұрнағы, бұрынғы өткен шақ ) кішкентай қызды Мақан бірден тани кетті / З.Шүкіров/.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет