Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары» тақырыбының мазмұнын ашуға берілетін сұрақтар



бет34/48
Дата28.04.2023
өлшемі208,73 Kb.
#88218
түріСеминар
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Байланысты:
ПРАКТИКА.206.Усибалиева Айжан (копия)

Бақылау жұмыстары үшін:


Абай өзіме бірдеме айтпақ, па екен деп те ойлады (М. Ә.). Құнанбай естімеген сияқты ешбір белгі бермеді (М. Ә.). Бірақ әкесі мен өзге ешкімге қарамастан, келе Абайды құшақтай алды (М. Ә.). Әркімде жалда жүретін бір шал жиені Жәмпейісті өз қолына алып еді (М. Ә.). Әлдекімнің рақаты, әлдекімнің қызығы, сайраны үшін болар (М. Ә.). Ешбірін де ол білмейтін
(М. Ә.). Әрқашан жан күйер жақын қабырына ыстық-ыстық жастар төгеді
(М. Ә.). Әлдеқалай жел ұшырып түсірген шөп-шалам болса, оны алып тастайды (М. Ә.). Әрқайсысы да осы ойдың соңында еді (М. Ә.). Жоқ, ешкім ұрған жоқ (М. Ә.).


Етістік


«Етістік лексика-семантикалық сипаты жағынан дербес және қөмекші етістіктер деп бөлінуі, олардың морфемдік құрамы, түрлері. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары етістіктің семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан өзіндік ерекше грамматикалық түрлену жүйесі бар, жалпы қимылды білдіретін сөздер тобы екендігі»


Етістік түбірінің семантикалық ерекшелігі мен мағыналық түрлерін меңгерту мақсатында берілетін сұрақтар:


1.Етістіктің жеке сөз табы ретіндегі өзіндік белгілері мен оның түбірінің семантикалық ерекшеліктері қандай, ол туралы ғалымдар пікірі.


Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.

Етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді:





  1. Етістік негізі.

  2. Қимыл атауы категориясы.

  3. Салттық және сабақтылық категориясы.

  4. Етіс категориясы.

  5. Болымдылық және болымсыздық категориясы.

  6. Амалдың өту сипаты категориясы.

  7. Есімшелер категориясы.

  8. Көсемшелер категориясы.

  9. Рай категориясы.

  10. Шақ категориясы.

  11. Жіктік, көптік жалғауларының шаққа қатысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет