Көсемшенің грамматикалық сипаты есімшеге ұқсас, яғни көсемшеде де екі түрлі мәнді білдіріп, екі жақты қызметте жұмсалады. «Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында (негізгі етістік болып), қимыл, іс-әрекеттің өзін емес, оның әр түрлі сипатын, амал-сынын, себеп-мақсатын, мезгілін білдіріп, екі түрлі мәнде (бірі етістік, екіншісі – үстеу мәніңде) қолданылып, екі түрлі қызмет атқаратын етістіктің ерекше түрін көсемше дейміз».
Мысалы: Үйге сөйлей кіріпті. Кіріпті – деген көсемше формасы шақтық мағына білдіріп, жіктеліп келіп етістіктің грамматикалық категориясын (шақ) жасауға негіз болса, «сөйлей» дегенде ондай категориялық мән де, сипат та жоқ, тек –й тұлғасы арқылы ғана бұл сөзді етістіктің көсемше түрі дей аламыз, ал грамматикалық мағынасы да, сөйлемдегі қызметі де бұл жерде етістікке жат. Мысалы: Көре-көре көсем боласың (м).
Көсемше етіс түрлеріне немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:
1) а, е, й – осы шақ.
2) ып, іп, п - өткен шақ.
3) ғалы, гелі – келер шақ.
4) ғанша, генше – келгенше (барғанға дейін).
5) -мастан, -пастан.
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі.
Баяндауыш: Білікті бірді жығады. (м)Пысықтауыш: Олар әңгімені қызығып тыңдады. Мадақтап, асыра мақтап, қошеметтегенді ол ұнатпайды. -ғанша, (-генше) жұрнағы етістік негізіне жалғанып, контекске қарай, оған келер шақ мәнін жамайды. Бұл форма арқылы белгілі шекке дейін жүзеге асырылмақшы амал аталады және одан бұрын, әдетте, басқа бір амал жүзеге асады. Мысалы: Таз таранғанша, той тарқайды.
4. Тұйық етістік, түрленуі ерекшелігі. Тұйық етістік - етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс - әрекеттің атын білдіреді, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына - у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Тұйық етістік септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың іс - әрекеттің атын білдіретін етістік түрі тұйық етістік деп аталады.
Бар - у, кел - у, көр - у
Ойна - у, сөйле - у, сана - у
Оқы - у = оқу, кемі – у = кему
Ақ - у = ағу, кеп - у = кебу, үк – у = үгу
Жай – у = жаю, жи – у = жию
Жу – у = жуу, қу – у = қуу