Семинар сабақтары жоспары мен әдістемелік нұсқаулары



бет3/5
Дата02.11.2022
өлшемі33,36 Kb.
#46940
1   2   3   4   5
Байланысты:
МТ Семинар 22-23 7

Өткізу формасы: Берілген сұрақтарға студенттер жекелей өз ой-пікірін айту арқылы, топта сабақты ойталас ретінде өткізеді. Реферат. Эссе
Әдістемелік ұсыныс: Қазақ мәдениеті тарихы жазылған арнайы оқу құралдарымен, жазба деректермен тереңірек танысу қажет.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге, ЖК (жеке компьютермен теріп жазу) жазылады және ауызша қорғалып, топта талқыланады.
5. Түркі мәдениетінің қазақ халқы тағдырындағы орны
Тапсырма:

  1. Дәстүрлі түркілік дүниетаным. Ортағасырлық қалалық мәдениеттің негізгі сипаттары. Қазақ мәдениеті тарихындағы Қорқыт Атаның орны

  2. Түрік өркениеті және оның ерекшеліктері. Көне түріктердің космогониясы, мифологиясы. Көнетүріктік руникалық жазулар. «Орхон-Енисей» ескерткіштері.

  3. Қазақ ағартушылығын бағалап, ой елегінен өткізудегі көзқарастар. Шоқан Уәлиханов - Шығыс мәдениетін зерттеуші ұлы ғалым, әрі Еуразия идеясының негізін қалаушыларының бірі. Абай – қазақтың ұлы ойшылы және ақыны. Шәкәрімнің мәдениеттану көзқарастары. Ы. Алтынсарин – белгілі ағартушы және педагог.

  4. Құрманғазының, Тәттімбеттің, Жаяу Мусаның және т.б. музыкалық шығармашылығы. Зар заман мәдениеті. ХІХ – ХХ ғ.ғ. қазақтың қоғамдық ой санасы мен қазақ әдебиетінің басты бағыттары.

  5. Қазақ интеллигенциясының ірі өкілдері мен саяси қайраткерлерінің (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Рысқұлов) басты идеялары. Кеңес дәуіріндегі қазақ мәдениетінің тағдыры. Тоталитарлық - әкімшілік жүйе және ұлттық мәдениет.

Өткізу формасы: Интеллектуалды ойын - жекпе-жек. Көрнекі құрал ретінде Рим мәдениеті дәуіріне жататын суреттер көшірмесі көрсетіледі. Сурет топтамасы.
Әдістемелік ұсыныс: Студенттер екі топқа бөлініп, сұрақтарға байланысты пікірсайыс жүргізеді. Жауаптардың дұрыс-бұрыстығына оқытушы төрелік жасайды.Дұрыс жауапты неғұрлым көп берген команда жеңіске ие болады, жоғарғы балл алады.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге, ЖК (жеке компьютермен теріп жазу) жазылады және ауызша қорғалады. Ойын - сайыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет