Мәңгілік мұра. Симфониялық оркестрдің құрамындағы музыкалық аспаптар.
Мақсаты
Симфониялық оркестрдегі ішекті – ысқышты, үрмелі-ағаш, үрмелі-мыс, шулы-ұрмалы, клавишті аспаптар туралы түсінік беру; Тәттімбеттің өмірі мен шығармашылығы жайлы шағын мағлұмат беру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту; Музыкалық ұғым туралы түсініктерін кеңейту; Тәрбиелік Симфониялық музыкаларды түсініп тыңдауға баулу,халық композиторларының бай мұраларын қадір тұтуға тәрбиелеу.
Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!