Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15


Тақырыбы: Түркі тілдерінің Ресейде зерттелуі Қарастырылатын мәселелер



бет15/23
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133697
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Түркітануға кіріспе, Қ.С.Алдашева

Тақырыбы: Түркі тілдерінің Ресейде зерттелуі
Қарастырылатын мәселелер:
1. Түркі тілдерінің көне дәуірден XIX ғасырға дейінгі аралықта зерттелуі.
2. Патшалық Ресейде XIX ғасырда зерттелуі.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.


ОЖСӨЖ мазмұны:
1. Ресейдегі түркітану мектептерінің дамуы.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.


СӨЖ мазмұны:
1. Түркі тілдерін кириллица графикасына көшіру әрекеттері.
Тапсырмалар: жазба жұмысын дайындау. Әртүрлі әдебиеттерді қарастырып, тақырып бойынша материал іздеу.
Есеп беру түрі: реферат қорғау


Әдебиет:
1.Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
6. Бүркітов О. Түркітану. А. 2000 ж. 3-16 беттер.
7. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985. 3-10 беттер.
8. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітану кіріспе. Алматы, Ғылым, 1990-220 б.


Он бірінші апта
Кредит сағат саны – 2
11-дәріс
Тақырыбы: Ресейдегі түркітану мектептері.
Дәріс мазмұны:
1. Мәскеу мектебі.
2. Қазан мектебі.
3. Санкт- Петербург мектебі.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер):
Түркі тілдерін жан-жақты зерттеген ел - Россия. Россия, шын мәнінде, түркітану ғылымының алғашқы бесігі саналады. Түркі тілдері туралы мәлімет патшалық Ресейде көне дәуірде, орыс лингвистикалық ғылымы пайда болған кезеңде-ақ қолға алынды. Бұған себеп болған басты жағдай орыстардың бұлғар, хазар, құман, печенег, қыпшақ тайпаларымен, кейін құрамы негізінен, түркі халықтарынан тұрған Алтын Орда мемлекетімен көршілес орналасуы еді. Екі ел арасында байланыс орнап, сауда ісі жүргізілді. Мемлекет, сауда ісін және тағы басқа қарым-қатынас жұмыстарын жүргізуде олардың тілін меңгеру қажет болды. Көршілес қоныстанған халықтар арасындағы жан- жақты байланыс бір тілден екінші тілге сөз ауысуға, соның нәтижесінде бұл тілдердің лексикалық кабаттың дамуына да әсерін тигізді. Сауда- саттық, әскери жорықтар көрші елдің топонимикасын, этнографиясын географиясын өнімді зерттеуге қолайлы жағдай туғызды.
Орыстар мен түркі халықтары арасындағы байланысты растайтын мәлімет 985 жылы жарық көрген орыс және византия ескерткіштерінде кездеседі. Мысалы, түркі тілінің қаған термині Киев князі қасиетті Владимир туралы жазылған жылнамада қолданылады. Көне Киев Русінде орыс патшалары мен оның маңайындағылар бес тілді білген. Белгілі орыс жазушысы Н.М.Карамзиннің айтуынша, ол тілдер: орыс тілі, скандинав, грек, венгр және половец тілдері. ХІІ ғасырдан бастап Киевте, кейін Москвада баспа жұмысы дамыды. Діни кітаптармен қатар түрлі әліппелер жарық көрді. Осы еңбектерде кездесетін түркі сөздеріне түсінік беріліп отырды.
Түркі тілдерінің Россияда зерттелу тарихын түркітанушы ғалымдар әр түрлі қырынан қарастырып жүр. Н.А.Баскаков және тағы басқа ғалымдар түркі тілдерінің Россияда зерттелуін классикалық жүйе бойынша хронологиялық сипатта алуды жөн деп санайды. Ал осы мәселемен жетік айналысқан соның нәтижесінде өзінің көлемді зерттеулерін жариялаған академик А.Н.Кононов түркі тілдерінің зерттелуін тақырыптар бойынша алуды ұсынады (сөздіктер, грамматикалық оқулықтар, түркі ескерткіштерінің зерттелуі, түркі тілдерінің мектептерде, жоғары оқу орындарында оқытылуы, түркі тілдерінің классификациясы және т.б.). Әрине, академик А.Н.Кононов ұсынып отырған әдістің тақырыпты сипаттауда ұтымды жерлері көп екендігінде дау жоқ. Алайда, «Түркітануға кіріспе» секілді шағын, сипаттама курста осыншама материалды игерудің мүмкіншілігі жоқ екендігін ескере отырып, біз түркі тілдерінің Россияда зерттелуін үш кезеңге бөліп қарастыруды жөн көрдік:

  1. Көне дәуірден XIX ғасырга дейінгі аралығы;

  2. Түркі тілдерінің XIX ғасырда зерттелуі;

  3. Түркі тілдерінің XX ғасырда зерттелуі.

11-семинар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет