Жеке семестрлік тапсырмалар: Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті орындалуы тиіс. Семестрлік жұмыстар дұрыс орындалғанда, студент ол жұмысты қорғауы тиіс. Жұмыста қателер табылған жағдайда, ол студентке қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.
Өзіндік жұмыс: Сабақта орындалып, сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды.
Бақылау жұмысы: Сабақ соңында студенттерге жекелей бақылау жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Әртүрлі стильдер түрлерін меңгеру үшін практикалық тапсырмаларды ұсыну арқылы жүргізіледі.
Әңгімелесу. Әңгімелесу сабақ кестесі бойынша әр топқа жеке өткізіледі.
Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Оқыту әдістемесі:Курстың ерекшелігі мен студент құрамының біліктілігі мен біліміне сәйкес оқыту әдістері мен әдістемелік құралдарды сабақ үрдісінде тақырыптық негізгі белгілерге байланысты іскерлік пен дағды қалыптастыру бағытында пайдаланылады. Дәрістерде түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, сауалнама, эксперимент, статистикалық т.б. әдістерді қолданылады. Ең басты сұрақтар дәрістерде қарастырылып, студенттер назарына ұсынылады. Түркология бойынша нақты маңызды сұрақтар дәрістерде қаралып, кей дәрістер интербелсенді тақта арқылы оқылады.
СОӨЖ, СӨЖ жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
Кредиттік технология бойынша пәнді оқу оқытушымен (СОӨЖ) және оқытушысыз (СӨЖ) жүзеге асады.
СОӨЖ мақсаты: студенттердің дәріс және практикалық сабақтарда алған білімін бекітіп, өзі меңгеруіне жағдай жасау. СОӨЖ тапсырмаларын орындау: Теориялық білімнің меңгерілуін бақылау, берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру. Студенттің өз бетімен жасаған жұмыстарын тексеру. Жан-жақты ізденуге,білімін дамытуға үйрету. Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру.
СОӨЖ және СӨЖ жүргізу барысында эмпирика, байқау, тесті, деңгейлік тапсырмалар, әр түрлі графикалық шартты белгілерге негізделген соны әдістермен қатар ауызша-жазбаша жаттығуларға байланысты түрлі модульдік тәсілдер жүзеге асырылады. Оқыту негізінен теориялық біліммен қаруландыратын дәрістерден және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын семинар сабақтар түрінде өтеді. Білімді тексеру семинар сұрақтарын талқылау, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары, тест жұмыстары, өзіндік жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде жүзеге асырылады. Курста түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, жинақтау т.б. әдістері қолданылады. Курс баяндау, сұрақ-жауап, әдістер негізінде оқытылады.