шынайы жүзеге асатын құқықтық мемлекеттің саяси билікті ұйымдастырудың
ерекше формасы ретіндегі
функцияларына талдау жасаңыз.
Екінші сұрақ бойынша:
- азаматтық қоғам феноменінің мән-мағынасы
мен мақсатын ұғынудың
жаңа заманда Батыс Еуропа елдерін қамтыған ауқымды қоғамдық-саяси
өзгерістер дәуірінде қалыптаса бастағанына назар аударыңыз;
- буржуазиялық мемлекеттердің пайда болуынан бастау алатын азаматтық
қоғам табиғаты туралы ұғымның қоғамдық санадағы дамуы,
азаматтық қоғам
мәнінің қазіргі замандағы түсінігі туралы айтып беріңіз;
-
азаматтық қоғам негіздерінің қалыптасуы, азаматтық қоғам
институттарының қызметі мен әрі қарайғы дамуы үшін қажетті факторлар мен
жағдайларды қарастырыңыз.
Үшінші сұрақ бойынша:
-
Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет пен азаматтық
қоғамның қалыптасу ерекшеліктерін айқындаңыз;
- Қазақстан Республикасындағы биліктің бөліну жүйесінің қалыптасу
ерекшеліктерін анықтаңыз;
- Қазіргі заманғы Қазақстан мемлекеттілігінің саяси-құқықтық моделі
қызметінің ерекшеліктерін Қазақстан Республикасы Конституциясының қалай
реттеп отыратындығын қарастырыңыз.
Бақылау сұрақтары.
1. Ағартушылық дәуірінің философтары
еңбектеріндегі құқықтық
мемлекет және азаматтық қоғам ұғымы, мәні, мақсаты мен бағыты туралы не
білесіз?
2. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет негіздері қалыптасуы үшін
қандай факторлар мен жағдайлар болуы шарт?
3. Құқықтық мемлекеттің белгілерін атаңыз.
4. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет түсініктерінің арақатынасы
туралы не айтасыз?
5. Құқықтық мемлекеттегі билік тармақтарының бөліну қағидаттары іс
жүзінде қалай жүзеге асырылады?
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы.
1. «Қазақстан Республикасында құқықтық
және әлеуметтік мемлекеттің
қалыптасуы» тақырыбында дәлелді эссе жазу
Достарыңызбен бөлісу: