- мемлекеттің партиялық жүйесінің қалыптасуына қоғамның әлеуметтік-
таптық құрылымының әртектілігі, сол елдің саяси тарихының ерекшеліктері
мен этникалық және мәдени дәстүрлерінің де
ықпалы бар екендігіне назар
аударыңыз;
- қазіргі типтегі саяси партиялардың пайда болуына мүмкіндік туғызған
факторлар,
саяси
партиялардың
қоғамдық-саяси
қозғалыстардан
айырмашылықтары, азаматтық қоғамның дамуындағы партиялардың рөліне
кеңірек тоқталыңыз;
- кез-келген саяси партия қызметінің басты мақсаты саяси билікке қол
жеткізу, оны күшейту және кеңейту жолындағы күрес екендігіне,
сол себепті
олардың өкілеттік, рекруттық және әлеуметтену сияқты негізгі функцияларды
орындауға ұмтылатындығына назар аударыңыз.
Екінші сұрақ бойынша:
- Қазақстанның қазіргі партиялық жүйесінің қалыптасу және даму
кезеңдері, еліміздегі партиялық құрылыс үдерістерінің ерекшеліктеріне талдау
жасап, оларға саяси,
әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи факторлардың
әсерін анықтаңыз;
- саяси партиялардың басты функцияларын зерделей келе, Қазақстан
Республикасы партиялық жүйесінің сол функциялардың қайсысын жиірек
орындап, қайсысын сирек
орындағанын анықтап көріңіз;
- Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық
кеңістік аясындағы дамуына, партиялық құрылыс үдерісінің республика
заңнамалары, ел Конституциясы, салалық заңдар
мен заң актілерінде көрініс
табуына талдау жасаңыз.
Үшінші сұрақ бойынша:
- қоғамдық-саяси қозғалыстардың айрықша белгілерін, «Невада-Семей»,
«Табиғат», «Поколение», т.б. қоғамдық ұйымдардың мысалында олардың
Қазақстанның азаматтық қоғамының дамуындағы рөлі мен маңызын
айқындаңыз;
- демократиялық қоғамдағы қоғамдық-саяси қозғалыстардың басты
функцияларын анықтап, олардың мемлекеттегі қоғамдық сананың қалыптасуы
және азаматтық бастамалардың дамуындағы рөлі мен маңызын қарастырыңыз;
-қоғамдық-саяси қозғалыстардың кең
етек жаюы және елдегі саяси
үдерістерге ықпал ету мүмкіндігінің болуы үшін бастамалардың төменнен, яғни
халық бұқарасы тарапынан болуы қажеттілігін дәлелдеңіз.
Бақылау сұрақтары.
1. Саяси партиялардың саяси үдерістердегі рөлі қандай?
2. Қандай қазіргі кездегі саяси жүйелерді білесіз, олардың белгілері мен
өзіндік ерекшелігін көрсетіңіз?
3. Қазіргі кездегі идеологиялар мен саяси ілімдерді атаңыз, олар саяси
партиялардың қызметінде қандай функцияларды атқарады?
4. Елдегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тарихи жағдайлар мен
партиялық жүйенің қандай өзара байланысы бар?
5. Неге қазіргі заманғы азаматтық қоғамның
қалыптасуы негізінен
қоғамдық-саяси қозғалыстардың дамуымен байланысты болып келеді?
6. Саяси партиялар мен азаматтық қоғамның институттары қалай өзара
әрекеттесе алады?
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы.
1. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар бағдарламаларының
күшті және әлсіз жақтарына кейс-стади – талдау
Достарыңызбен бөлісу: