Тапсырма түрлері:
Адамгершілік қасиетінің диагностикалық белгісі байқалатын ситуациялар құрастыру, ситуациялардан шығу.
Әдістемелік нұсқау
Кейс стади әдісі. Адамгершілік белгісі байқалатын өмірде болған жағдаяттың түйіндемесін емес, өзін барлық себептерін есекере отырып жазбасын беру. Жазба мәнмәтінінде проблема көрініс табуы міндетті. Проблеманың шешімі шығатындай, себептің салдары факт түрінде алынатындай, осы жазбаға сүйене отырып, әрекетке жетелеуші бірнеше сұрақтар ойластырыңыз. Ситуация жазбасы, проблемалық сұрақтарымен басқа топ мүшелеріне беріледі. Басқа топ мүшелері осы ситуациядан шығу барысында ойластырылған адамгершілік белгілерін бақылау, түртіп отыру қажет. Бақылау парағыңызды мәліметтерді өңдеу арқылы байқалған немесе топ мүшелерін сипаттаушы белгілерді шкалаға салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |