7 семинар. 7 апта. 2 сағат. 10 б.
Тақырып: Қазақстанның ұлттық жаңғыруы және демократиялық құқықтық мемлекет құру.
Тәуелсіздік ұлттық және мемлекеттік құрылыстың факторы ретінде. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясын анықтау.
Құқықтық реформа және заңдарды ізгілендіру. Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру.
Сабақтың мақсаты:Қазақстанның демократиялық құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясын ашып көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар:Студентке тәуелсіз мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының қалыптасуын зерделеуге баға беру, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясын анықтау қажет. Ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және Мемлекеттік бірегейлікті дамытуға талдау жасау.
Студенттер семинар сабағының тақырыбы бойынша хабарлама-презентацияны дайындау үшін бірнеше топқа бөлінуі мүмкін.
Ұсынылатын әдебиеттер: Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995.
Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
Назарбаев Н.А. Стратегия независимости. –, 2003.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, Алматы 2007.
Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2003.
Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства.- Алматы, 1992.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. ТәуелсізҚазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап. – Алматы, Қазақ университеті, 2016.
8 семинар. 8 апта. 2 сағат.
Тақырып: Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларының жаңғыру кезеңдері мен ерекшеліктері
"Экономикалық дамудың кластерлік принципі" - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру" тақырыбында бағдарлама немесе жоспар әзірлеу.
1.Әлемдік экономикалық дағдарыс және оны табысты еңсерудегі шаралар.
2.Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономика мен қаржы секторын дамыту.
3.ХХІ ғасыр экономикасының Қазақстандық моделі.
4. ЭКСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы.
Сабақ мақсаты:республика экономикасының өзін-өзіқамту бағытына шығуы мен жеделдетілген жаңғырту кезеңіндегі қазақстандық даму моделінің мазмұнын нақты ғылыми-тарихи біліммен толықтыру.