Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар: семинар апта сағат. 15 б. Тақырып



бет13/13
Дата01.03.2023
өлшемі43,05 Kb.
#70852
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Сабақтың мақсаты: Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың көтерген Мәңгілік Ел идеясына жетудегі тарихи баспалдақтар мен халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы атқарылған іс-шараларды, еңбектерді талдап көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер "Мәңгілік ел" идеясына жету жолындағы баспалдақтар мен кезеңдерін, даму сатыларын, 30 дамыған елдің қатарына кіру жоспарларын айқындап, "Тәуелсіздік белестері" еңбегін талқылаулары қажет. Сонымен бірге студенттер бұл «Мәңгілік ел» идеясы елдің өткеніне ғана қатысты емес, болашағына қызмет ететін идея екендігін, ежелгі заманнан ата-бабаларымыз аңсаған Мәңгілік Ел шын мәнісінде бұл бүгінгі біздің түсінігіміздегі мемлекет екендігін барынша кеңінен көрсету керек. Біздің қоғамда халықты бір мақсат жолына біріктіретін, алға ұмтылуына күш беретін өміршең идея қажет болып жүрген еді. Міне, осы өзекті мәселелерді семинар сабағында жан-жақты әрі тереңінен қарастырып, талқылау, белгілі бір ой-толғамдар, тұжырымдар жасау қажет.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. http://www.akorda.kz
2.Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар. http://www.akorda.kz
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы. Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шарада сөйлеген сөзі. http://www.akorda.kz
4. Назарбаев Н.А. Тәуелсіздік дәуірі. – - Алматы: ҚазАқпарат, 2017.


15 семинар. 15-апта. 2 сағат. 15 б.
Тақырып: Нұр-Сұлтан – Қазақстанның жаңаруы және оның көпұлтты халқының жасампаздығының нышаны.
1. Нұр-Сұлтан -тәуелсіздік пен жаңа бастамалардың нышаны.
2. Нұр-Сұлтан – инновация мен әлемдік ынтымақтастықтың орталығы.
3. Нұр-Сұлтанның мәдени және рухани дамуы.
Сабақтың мақсаты: Нұр-Сұлтан республика және әлемдік деңгейдегі мәдени және саяси маңызын көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағының бірінші сұраққа дайындық барысында қала тарихына көңіл бөліңіз: қала қашан пайда болды, бұл өңірде қандай тарихи ескерткіштер болды, қаланың даму кезеңдері қандай. Астананы Алматыдан не себепті көшірілгеніне және Нұр-Сұлтанның сәулет ескерткіштерінің мағыналық мәніне назар аударыңыз.Екінші сұраққа дайындық кезінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саясаттағы бастамаларымен танысып оларды талдаңыз: Еуразиялық одақ құру идеясы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, кедендік одақ т.б. Басты назарды Астанада қандай маңызды халықаралық кездесулер мен конференциялардың өткеніне, ЭКСПО-2017 кезінде қандай халықаралық мәселелерді реттеу үшін келіссөздер алаңы жасалды. Әсіресе мұндай іс-шараларды өткізу халықаралық қауымдастықта Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру үшін қаншалықты әсер еткеніне баға беріңіз. Үшінші сұрақта Астананың тек саяси-әкімшілік орталық қана емес, сонымен қатар мәдени орталық екенін,өнер, мәдениет және білім саласында қандай жетістіктерге қол жеткізілгенін көрсету қажет. Назар аударатын маңызды мәселе – мәдение мұраны сақтауға, рухани жаңғыру мен тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған бағдарламалардың республикадағы мәдени құрылыс үшін қандай серпін бергенін көрсету.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Евразия жүрегінде. – Елорда, 2005.
2. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі. – Елорда, 2018.
3. Смайыл А. Тарих таңдаған Астана».
4. Түгел С. «Астана хикаялары».
5. Жолдасбекова М. «Тәуелсіздік тағылымы».
6. Таңрықбаева. Ж. «Елімнің күн сәулесіндей Астана».
7. Кан Г.В. «Қазақстан тарихы. ЖОО арналған». – Алматы. 2013.
8. Астана. Энциклопедия. – Атамұра, 2008.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет