Семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»



бет38/49
Дата28.04.2023
өлшемі164,78 Kb.
#88216
түріСеминар
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
Байланысты:
Абдиманапова Диана Сөзжасам прак. тапсырмалар

Тест- карточкаЕтістік

1. Көмекші етістіктері барын белгіле?

А) Өсіп келеді, оқып жүр. 
В) Үйге келеді, қалада жүр.
С) Ол жатыр, сіз отырсыз.
Д) Кітапты берді, үйде қалды.
Е) Тез кетсек.

2. Ортақ етіс тұлғалы етістіксті тап?

А) Олар ұзақ сөйлесті.
В) Соғыс төрт жылға созылды.
С) Айтыс үлкен өнер.
Д) Келісім орындалды.
Е) Үзіліс басталды.

3. Ырықсыз етіс тұлғалы етістікті белгіле

А) Қамал алатын батыр. 
В) Ет желінді.
С) Ол жуынды.
Д) Сен өте қысылдың.
Е) Қорған мықты екен.

4. Болымсыз етістігі барын көрсет?

А) Бидай қоймада.
В) Ол кеспе ішті.
С) Нанды кеспе.
Д) Тапсырма орындалды.
Е) Саптама етік.

5. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған болымсыз етістікті тап.

А) Бұл шырақ лаулап жанар.
В) Ызақор қыз жылап қоя берді.
С) Ол өтірік айтып көрген емес.
Д) Құлағын салмас, тіліңді алмас көп наданнан түңілдім (Абай)
Е) Шегенде тіптен зәре қалмады.

Бақылау жұмыстары үшін:
Салт етістіктен сабақты, сабақты етістіктен салт етістікке ауысқан етістіктерге талдау жасаңыздар.
Ол жалт бұрылды (X. Р.). Еңбексіз тапқан мал-мүлкі қоғам пайдасына берілсін (X. Е.). Сәлден кейін дөңгелек үстелдің үстіне дастарқан жайылып, ақ бауырсақ төгілді (X. Р.). – Келер жылы төл алудан ырғып, бір көтерілсең... – деп, абыройдан дәмелендіріп қойды (Т. Ахт.). Сонысы енді басталды 
(Т. Ахт.). Аумағы көрінбейді (Т. Ахт.). Сыртына фамилиясы да жазылыпты (X. Р.). Соған үш шана шөп жеткізіп берейік (X. Р.). Өзі неге сұрамайды, неге айтқызбайды, – деп, ойлады (X. Р.). Бір құпияны сездірген (X. Р.). – Сен де кел, – деп, Аталықты орындыққа еріксіз отырғызды (X. Р.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет