2-жаттығу. Сөйлемдердегі есімдіктерді сөз формасына қарай талдаңыз.
Бұл сөзді жиылған жұрт қабыл алды (А.Байтұрсынов). Тәртіптен қалмайды ешкім басын тартып (А.Байтұрсынов). Сарп етті жан аямай маймыл үшін, ешбір жан мақтамады еткен ісін (А.Байтұрсынов). Кейбіреуге таяғым,тиіп те кетті сартылдап (Абай). Біреуі олай, біреуі былай қарап, түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ (Абай). Мынау келген Назар ма? Ақсақалды ауыл азар ма? (Абай). Қарашы қанша жұлдыз бар, күліп қана жүзеді ай (М. Жұмабаев). - Жасың нешеде? – Он жетідемін (З. Ақыш).
Сөзді-сөз-зат есім, -ді табыс септігі
Тәртіптен-тәртіп-зат есім, -шығыс септік
Ешбір-болымсыздық есімдігі
Кейбіреуге-белгісіздік есімдігі, -ге барыс септігі
Біреуі- Белгісіздік есімдігі,- тәу.жалғауының 3 жағы
Түгел- Жалпылау есімдігі
Қанша- сұрау есімдігі
Нешеде- сұрау есімдігі
3-жаттығу.Текстен есімдіктерді табыңыз, олардың жасалу жолын түсіндіріп, есімдіктің қай мағыналық, тобына жататынын дәлелдеңіз.
Абай өзіме бірдеме айтпақ, па екен деп те ойлады (М. Ә.).
Өзіме-өздік есімдігі, ім-тәуелдік жалғауынің 1 жағы, е-барыс септігі;
Құнанбай естімеген сияқты ешбір белгі бермеді (М.Ә.).
Ешбір-Болымсыздық есімдігі, еш пен бірдің бірігуі арқылы жасалған;
Бірақ әкесі мен өзге ешкімге қарамастан, келе Абайды құшақтай алды (М.Ә.).
Өзге-өздік және ешкім Болымсыздық есімдігі, өз-өздік есімдігі, ге-барыс септігі, ешкім-болым.есімдік,ге-барыс септігі;
Әркімде жалда жүретін бір шал жиені Жәмпейісті өз қолына алып еді (М. Ә.).
Әркім-белгісіздік есімдігі, де-жатыс септігі, өз-өздік есімдігі;
Әлдекімнің рақаты, әлдекімнің қызығы, сайраны үшін болар (М.Ә.). Әлдекім- білгісіздік есімдігі, нің-ілік септігі; Ешбірін де ол білмейтін (М. Ә.). Болымсыздық есімдігі,і-тәуелдік жалғаудың 3-жағы, н-табыс септігі; Әрқашан жан күйер жақын қабырына ыстық-ыстық жастар төгеді (М. Ә.). Әрқашан-белгісіздік есімдігі; бірігу арқылы жасалған;
Әлдеқалай жел ұшырып түсірген шөп-шалам болса, оны алып тастайды (М. Ә.). Әлдеқалай-белгісіздік есімдігі, бірігу арқылы ;
Әрқайсысы да осы ойдың соңында еді (М. Ә.). Әрқайсысы-белгісіздік есімдігі, бірігу арқылы, сы-тәуелдік жалғаудың 3-жағы;
Жоқ, ешкім ұрған жоқ (М. Ә.). Ешкім-болымсыздық есімдігі, бірігу арқылы;
4-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден өздік, жалпылау есімдіктерін тауып, түрленуін байқаңыз.
Осыдан соң барлық үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті (М. Ә.). Сырт киімін Абай өзі шешіп еді (М. Ә.). Бар жолдастарымен қонақ етіп, құрбыдай күтті (М. Ә.). Дауын онның өзі айтсын (М. Ә.). Өзің осы жолы сыншы болып қайтыпсың (М. Ә.). Мұнда барлық ел боп қуанып қарсы алды (М. Ә.). Барлығының аузында бір жаңалық (М. Ә.). Бір өзінен басқа ешкімге мәлім емес (М. Ә.). Бәрін Кирилловке ерегісіп істеп жүргені (X. Е.). Неге айтпадым бар сырымды (Х. Е.).
Барлық-жалпылау есімдігі
Өзі-өздік есімдігі, -і тәу жал 3жағы
Бар-жалпылау есімдігі
Өзің-өздік есімдігі,-ң тәуелдік жал.2 жағы.жекеше түрі
Барлық-жалпылау есімдігі
Барлығының-жалпылау есімдігі,-ы тәу.жалғ.3жағы, -ның ілік септ.ж
Өзінен-өздік есімдігі,-і; тәу ж 3 жағы, -нен шығыс с.ж
Бәрін-жалпылау есімдігі, -н тәу ж 3 жағы
Бар-жалпылау есімдігі