Семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


-жаттығу. Көсемшелерді тауып, олардың қалай жасалғанын түсіндіріңіздер



бет42/49
Дата28.04.2023
өлшемі164,78 Kb.
#88216
түріСеминар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
Байланысты:
Абдиманапова Диана Сөзжасам прак. тапсырмалар

3-жаттығу. Көсемшелерді тауып, олардың қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.

Көп күн өтіп кетті ғой сен кеткелі (X. Е.). Тәжімұраттың ес білгелі етегінен ұстап келе жатқан бір қағидасы бар еді (X. Е.). Нағима тамақ асып, табаны жерге тимей жүгіріп жүр (Т. Ахт.). Жанар орнынан тұрып, төр жақтағы бөлменің есігін ашып еді, Шынтас шешініп жатып қалыпты 


(Т. Ахт.). Тораушы тосқауылдың ізін суытқалы екі жылдан асты (X. Е.).
Тарантас зырлап келеді (X. Е.). – Тәке, сіздің ауылға барамын (X. Е.). Бұл сөздің мағынасын Таңқыбай жақсы түсінеді (X. Е.). Шынтас демін жұтып тынып қапты (Т. Ахт.). Дайындалыңдар, ертең ертелете Сырдарияға жүреміз (Т. Ахт.). Абай өзін де, айнала жұртты да тегіс ұмытыпты (М. Ә.).
Даурығып сөйлеп, асығысып, алқынысып айтып тұрған хабарлары естілді (М. Ә.). Айғыз сол өз төркінінің тойынан ашуланып аттанды (М. Ә.). Ұзақ ұшқан бүркіттен інге кіріп, тас үңгірге тығылып, екі түлкі де құтылып кетті (М. Ә.).
✅✅Өтіп –іп- көсемше жұрнағы жалғану арқылы, шақтық мағына білдіріп тұр.
Кеткелі – келі- тұлғасы арқылы етістіктің көсемше түрі. Грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметі етістікке жат. Үстеудің қызметін атқарып тұр (қашан? - кеткелі). 
Білгелі - гелі- тұлғасы арқылы етістіктің көсемше түрі. Грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметі етістікке жат. Үстеудің қызметін атқарып тұр (қашан? - білгелі). 
Ұстап – п- көсемше жұрнағы жалғану арқылы, шақтық мағына білдіріп тұр. 
Асып – ып- көсемше жұрнағы жалғану арқылы, шақтық мағына білдіріп тұр. 
Тимей – й- тұлғасы арқылы етістіктің көсемше түрі. Грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметі етістікке жат. Үстеудің қызметін атқарып тұр (қалай? - тимей). 
Жүгіріп – –іп- көсемше жұрнағы жалғану арқылы, шақтық мағына білдіріп тұр. 
Тұрып - –ып- көсемше жұрнағы жалғану арқылы, шақтық мағына білдіріп тұр.
Ашып - ып- көсемше жұрнағы жалғану арқылы, шақтық мағына білдіріп тұр. 
Шешініп - іп- тұлғасы арқылы етістіктің көсемше түрі. Грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметі етістікке жат. Үстеудің қызметін атқарып тұр (қалай - шешініпі). 
Жатып - ып- көсемше жұрнағы жалғану арқылы, шақтық мағына білдіріп тұр. 
Зырлап - п- тұлғасы арқылы етістіктің көсемше түрі. Грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметі етістікке жат. Үстеудің қызметін атқарып тұр (қалай? – зырлап). 
Келеді - –е- көсемше жұрнағы жалғану арқылы, шақтық мағына білдіріп тұр.
 Жіктеліп тұр 
Барамын - –а- көсемше жұрнағы жалғану арқылы, шақтық мағына білдіріп тұр.
Жіктеліп тұр 
Түсінеді - –е- көсемше жұрнағы жалғану арқылы, шақтық мағына білдіріп тұр.
Жіктеліп тұр 
Жұтып тынып - ып- көсемше жұрнағы жалғану арқылы, шақтық мағына білдіріп тұр. 
Жүреміз - –е- көсемше жұрнағы жалғану арқылы, шақтық мағына білдіріп тұр.
Жіктеліп тұр 
Ұмытыпты, сөйлеп, айтып, құтылып – ып-, -іп-, -п- көсемше жұрнағы жалғану арқылы, шақтық мағына білдіріп тұр. 
Кіріп, тығылып, асығысып, алқынысып, ашуланып - іп-, -ып- тұлғасы арқылы етістіктің көсемше түрі. Грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметі етістікке жат. Үстеудің қызметін атқарып тұр (қалай? – інге кіріп, үңгірге тығылып, асығысып, алқынысып, ашуланып). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет