Семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


Зат есім атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде



бет15/49
Дата28.04.2023
өлшемі164,78 Kb.
#88216
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49
Байланысты:
Абдиманапова Диана Сөзжасам прак. тапсырмалар

4.Зат есім атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде объект мәнін білдіріп толықтауыш та болады. Мысалы: Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке бойлап бұлттан асқан (С.С.) Бұл сөйлемде Көкшетауды (нені мұнар басқан?) табыс септікте, бұлттан (неден асқан?) шығыс септікте келіп толықтауыш болып тұр.
5.Зат есім көлемдік септіктерде тұрып немесе түбір тұлғада мезгілдік, мекен-бағыттық, себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Орманның оңтүстік жақ бүйірінен Жол шықты айдаһардай иірілген (С.М.). Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап (С.С.) Бұл сөйлемдерде бүйірінен (қайдан) шығыс септікте, көкке қарай (қайда қанат қағып?) барыс септіктің үстіне қарай шылауы тіркесіп, пысықтауыш болып тұр.
1.Зат есім атау септікте тұрып, кім? не? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бастауышы болады. Мысалы: Таулардан өзен ағар сарқыраған (Ы.А.) Бұл сөйлемде өзен сөзі атау септікте тұрып, (не ағар?) бастауыш қызметін атқарып тұр.
6. Зат есімнің жіктелуі және сөйлемдегі қызметі
Зат есім жіктеліп келіп сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы: Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (Ж.) Ынтымақ – оқ өтпес сауыт (мәтел). Бұл сөйлемдерде Жамбылымын, сауыт деген сөздер 1 және 3-жақта жіктеліп келіп баяндауыш болып тұр.
Сұрақтарға әзірлену үшін ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі (Морфология). –Алматы, 1991.
2. Омарбеков С. Зат есімнің жеке грамматикалық категориялары жөніндегі зерттеулер. /ҚазССР ҒА-ның Хабарлары, қоғамдық ғылымдар сериясы, 1963, №5.
3. Мұхамади Қ. Қазақ тіліндегі септеуліктердің аналитикалық септікке қатысы. –Қазіргі қазақ тілі теориясы және лингводидактика мәселелері. 9-шығуы, 204.
4. Садуақасов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі жақ категориясының предикативтілік жасаудағы қызметі. /ҚазССР ҒА-ның Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – 1987.
5. Оралбаева Н. Зат есімнің көптік категориясы./Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1959.-№3.
6. Оралбаева Н., Балтабаева Ж. Түркологиядағы атау \негізгі\ септік проблемасы. /ҚазССР ҒА-ның Хабарлары, филология сериясы, 1982, №3.
7. Исаев С. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі және нольдік форма. /Қазақстан мектебі. – 1976. - №8.


Дәйектеме: Зат есімнің жеке сөз табы ретінде танылу белгілері , тұлғалық түрлері, мағына байлығы. Ортақ ішкі мағыналарына қарай жинақтық және дара, жалпы және жалқы, деректі және дерексіз, адамзат және ғаламзат зат есімдері болып бөлінуі. Зат есімдердің жекелік және көптік мағынасы. Эмоциональды-реңктік мән беретін түрлері. Зат есім сөздердің құрылымы (дара және күрделі зат есімдер). Көмекші есімдер, олардың заттық мәнде қолданылуы, зат есімдермен матаса байланысып, зат есімдерше түрленетіндігі, зат есімнің аясында қаралып, үнемі тәуелдік жалғауының формасында жұмсалып, септік тұлғасында қолданыла беретіндігін тапсырма-жаттығу және грамматикалық талдаулар арқылы дағдыландыру, бекіту. Зат есімнің көптік, тәуелдік, септік категоряларына түрлену ерекшеліктері мен грамматикалық формалар білдіретін мағыналарына талдау жасату, зат есімнің жіктелу ерекшелігін ұғындыру арқылы зат есімнің қызметін түсіндіру, зат есімнің сөйлемдегі қызметі оның түрлену жүйесімен тығыз байланысты екеніне талдау жасату. Сөйлемде зат есім емес сөздердің септік жалғауын кабылдауы арқылы сөзде заттану немесе субстантивтену процесінің болатыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет