Кырыкбаева Нурзифа Ешеновна Ағылшын тілі пәні мұғалімі Жас оқытушыларға арналған Семинар Сабақты талдау және өзіндік талдау – мұғалімнің әдістемелік шеберлігін арттыру құралы Мақсаты: - сабақты талдаудың ережесімен, түрлерімен таныстыру;
- сабақты талдаудың сапасын арттыру;
- жас маманның педагогикалық шеберлігін жетілдіру үшін талдау нәтижелерін пайдалану.
«…сильным, опытным становится педагог, который умеет анализировать свой труд…»
В. А. Сухомлинский
«...өз жұмысын талдай алатын мұғалім мықты, тәжірибелі мұғалім бола алады...»
В. А. Сухомлинский
Сабақ не үшін талданады? жетістіктер мен кемшіліктердің басты себептерін тауып, келесі сабақты дұрыс жоспарлау
оқыту сапасын жақсарту
мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру
мұғалімдердің жұмыс тәжірибесіне жаңалық енгізу
сабақта оқу-тәрбие процесін бағалау мақсатында
оқушының дамуын анықтау
мұғалімнің жұмысына бақылау
Өзіндік талдау нәтижесінде мұғалім өз сабағына сыртқы жағынан қарауға, оны жалпы құбылыс ретінде түсінуге
іске асырылмай жатқан резервтерін анықтау
мұғалім өзінің күшті және әлсіз жақтарын бағалау
өзінің теориялық білімінің, тәсілдерінің, жұмыс әдістерінің жиынтығын студенттермен өзара қарым-қатынаста мақсатты түрде түсінуге
мұғалім өзінің педагогикалық іс-әрекетінің жеке стильдерін қалыптастыру
өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік алады
Сабақты талдау формасы: Сабақ өткізген оқытушы өз сабағын талдайды: мақсатына жетті ме?
Сабаққа қатысушының талдауы
Мұғалімге ұсыныстар беріледі
Оқытушы қайтадан өзінің пікірін білдіреді
Талдау ережелері: 1. Өткен сабақты талқылау сабақты біте салысымен жүргізілуі керек.
2. Қатысқандар болған ашық сабақтың талқылауын кемшілікті көрсету мақсатында емес, тәжірибе алмасу, оған ұсыныс білдіру, сабақты әбден жетілдіруге көмектесу мақсатында өткізілгенін ұмытпауы керек.
3. Болған сабаққа қысқа және логикалық байланыспен талдау жүргізу.
4. Басқа сабаққа қатысушылардың пікірін тыңдап, қайталамауға тырысқаны жөн.