Семинар Сабақты талдау және өзіндік талдау мұғалімнің әдістемелік шеберлігін арттыру құралы Мақсаты



бет2/3
Дата25.03.2023
өлшемі1,77 Mb.
#76126
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
Кырыкбаева Н.Е. Сабақты талдау және өзіндік талдау – мұғалімнің әдістемелік шеберлігін арттыру құралы

Tалдау түрлері

Мақсаты

Қысқа (бағалау) талдау 

бұл сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын шешетін оқу-тәрбиелік қызметіне, олардың орындалуына жалпы баға беру;

Құрылымдық (кезеңдік) талдау 

– бұл сабақтың басым құрылысын (элементін) анықтау, олардың оқушы танымдық қабілеттерін қамтамасыз ететін қажеттілігін бағалау; (8 кезең бойынша талдау. Ю.Конаржевский )

Жүйелі талдау 

- бұл сабақтың дамытушылық мақсатын шешетін дидактикалық міндетін орындауына, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуіне, оқушылардың білім алу тәсілдерін игеруіне жағдай жасайтын бірыңғай жүйе ретінде қарастыру;
(Т.Шамова, В.П.Симонов)

Толық талдау 

– бұл сабақ міндеттерінің іске асырылуын, оқушылардың білімді игеру деңгейі мен ой еңбегінің тәсілдері сияқты оқу іс-әрекетінің түрі мен мазмұнын, оқушылардың даму деңгейін, сабақ нәтижелілігін, дидактикалық принциптерін бағалайтын аспектілі талдау жүйесі;

Құрылымды-мерзімді талдау

– бұл сабақ кезеңдерінің бірізділігін, сабақтың әр кезеңінде уақытты ұтымды қолдануды бағалау;

Аралас талдау 

– сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты мен құрылымдық элементтерін бағалау;

Сабақты талдау және өзіндік талдау түрлері

Психологиялық талдау 

– сабақтың психологиялық талаптарының орындалуын талдау (оқушылардың дамытушылық үлгідегі танымдық әрекетін қамтамасыз ету);

Дидактикалық талдау 

– негізгі дидактикалық категорияларды талдау (дидактика принциптерін жүзеге асыру, оқушыға білім беру әдісін, тәсілін, құралын таңдау, сабақтың оқу материалын дидактикалық өңдеу, оқушылардың өздігінен жұмысына педагогикалық жетекшілік жасау, т.б.);

Аспекті талдау

– сабақтың бөлек бір жағын немесе мақсатын белгілі бір бұрыштан бөлшектеп, жан-жақты оқушы әрекетінің нәтижесімен байланыстыра қарастыру. Сабақ аспектілерінің мысалдары: 1. Мұғалімнің сабақтың үш мақсатын (міндетін) іске асыруы;
2. Сабақта дамытушылық тәсілдерді қолдануы;
3. Оқушылардың танымдық әрекетін белсенділендіру әдістерін зерделеу;
4. Танымдық қызығушылықты дамыту жолдары;
5. Оқушылардың жалпы білімділік әдістері мен дағдыларын қалыптастыру;
6. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау;
7. Сабақта проблемалық білім беруді ұйымдастыруы, т.б.
(Сабақтың негізгі аспектісі бойынша талдау Г.К.Селевко)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет