Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары


 семинар  Семинар тақырыбы. Іс-әрекет пен қарым-қатынастағы жеке тұлға



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
downloadPdfUmkd-9

семинар 
Семинар тақырыбы. Іс-әрекет пен қарым-қатынастағы жеке тұлға 
Сабақ жоспары: 
1. Іс-әрекетте жеке тұлғаның дамуы: белсенділік, кәсіби және тұлғалық қасиеттердің дамуы 
2. Қарым-қатынас және жеке тұлға 
3. Қарым-қатынастың қызметі мен құрылымы 
4. Қарым-қатынастың әлеуметтік жақтары: интеракция, перцепция, коммуникация. 
Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет бұл- әлеуметтік категория, ӛйткені ол 
адамның ӛмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі арақатынас бар. 
Бір жағынан, психика іс-әрекетте қалыптасады және кӛрініс танытады, екінші жағынан – 
психика іс-әрекетті реттеп отырады. 
Іс-әрекеттің түрлері: 
1. Ойын –баланың үлкен адам дүниесін бейнелеу, айналадағы дүниені тану жолы болып 
табылады. (сюжеттік-рольдік, конструктивтік, дидактикалық ойындар болады). 
2. Оқу – еңбек әрекеттерін орындауға қажетті білімді, дағдыны және білгірлікті жүйелі игеру 
процесі. 


3.Еңбек- адамдардың материалдық және рухани қажеттілігін қанағатандыратын қоғамдық 
пайдалы ӛнім ӛндіруге бағытталған іс-әрекет. 
Іс-әрекеттің құрылымы. Іс-әрекет – бұл қоршаған ортаға белсенді қатынастың түрі, ол 
арқылы оны қоршаған адам мен дүниенің байланысы қалыптасады. Іс-әрекет арқылы адам 
табиғатқа , заттар мен құбылыстарға , басқа адамдарға әсер етеді. Іс-әрекетте ӛзінің ішкі 
қасиеттерін іске асыра отырып, ол заттарға субьект ретінде, ал адамдарға жеке тұлға 
ретінде қызмет атқарады. Заттар мен құбылыстар обьект ретінде іске асса , ал адамдар -
жеке тұлға қызметін атқарады. Іс-әрекеттің құрамды бӛлігі , жекелеген қызметі әрекет деп 
аталады. Адам әрекеті кӛп жағдайда саналы болады. Олар белгілі түрткілер бойынша іске 
асады және белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Әрекеттер сананың бақылауында 
болып отырады.
Әрекет толық саналы болып бӛлінеді, онда алдына саналы мақсат қойылады, 
қозғалыстың тәртібі және бірізділігі белгіленеді және әрекеттің белгілі нәтижелері алдын-
ала айқындалады.
Әрекет толық саналы болмауы мүмкін, онда мақсат, қозғалыс бірізділігі және
бақылау жеткіліксіз саналы болуы мүмкін.
Икемділік, дағды және әдет. Икемділік – бұл білімді практикалық іс әрекетте 
қолданудың бекітілген тәсілі. 
Қоршаған ортаны, табиғат пен қоғам заңдарын тани отырып, адам білімді меңгереді.Адамзат 
қоғамының дамуымен адамдардың білімі жетілдіріледі және ӛзгереді.Білім ұрпақтан ұрпаққа 
беріледі. Кейінгі ұрпақ ӛзінен бұрынғы аға ұрпақтың қалдырған білімін мұрагерлікке 
алады,оны меңгереді.Меңгеру стихиялы түрде немесе оқытудың кӛмегімен іске асады. 
Алған білімін адам оны ӛмірде, іс-әрекетінің тәжірибесінде қолдануға әрекет 
жасайды.Білімнің негізінде икемділік қалыптасады, білім тәжірибеде пайдаланылады.білім 
мен икемділік күрделі бағыныштылықта болады.Шәкірттер икемділікті меңгеру үшін санай, 
жаза, оқи білуі қажет, демек, оның білімі болу керек, оны қалай істеу керектігін білуі қажет. 
Білім алғаннан кейін, оны практикалық іс-әрекетте қолдануға үйренеді, онда икемділік 
қалыптасады. Жаттығулар үрдісінде, практикалық іс-әрекет барысында икемділіктер 
жетілдіреді, осыған байланысты іс әрекет те жетіледі. 
Бірақ, білімі болғанмен, шәкір икемділіктерді меңгермеген болуы мүмкін.Мәселен, шәкірт 
қазақ тілінен грамматикалық ережелерді білу жеткіліксіз. Жаза бастағаннан шәкірт қате 
жібереді, ережелерді практикалық қызметке пайдалана білмейді. Икемділік тәжірибеде 
жаттығулар арқылы қалыптасады. Ұзақ мерзімді қажет етеді.Ол уақыт ӛткеннен кейін, ӛз 
бетімен жұмыс істей отырып,грамматикалық ережелерді қатесіз қолдана алады, демек, ӛз 
білімін тәжірибеде қолдана біледі. 
Адамның негізгі іс- әрекет түрлері. Адамда әр-түрлі іс-әрекеттің пайда болуы мен 
дамуы күрделі де ұзақ үрдіс болып табылады. Генетикалық бір-бірін ауыстырып отыратын 
және барлық ӛмір жолы барысында ғұмыр кешетін іс-әрекеттің 3 түрі кездеседі: оқу, ойын, 
еңбек. Олар түпкі нәтижелері, ұйымдастыру бойынша түрткі (мотивация) ерекшеліктеріне 
бӛлінеді. Баланың белсенділігі тек қана бірте-бірте даму барысында тәрбиелік ықпалдардың 
әсерімен саналы мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің түрлері арқылы аңғарылады.Ӛмірінің 
алғашқы жылдарында балада іс-әрекеттің қарапайым түрлерін меңгеру үшін алғы шарттар 
қалыптасады.Олардың ішінде алғашқысы ойын- ӛмірдің тамаша құбылыстарының бірі, бір 
қарағанда пайдасыз іс-әрекет сияқты кӛрінгенмен,аса қажетті.Ойын психология үшін ӛте 
маңызды және қиын проблема болып табылады. Психологияда балалар ойынының әртүрлі 
теориялары баршылық. 
Ойын дегеніміз не. Бұл ең алдымен ойланылған іс-әрекет, басқаша айтқанда –түрткілердің 
бірлігімен ұйымдасқан, ойластырылған әрекеттердің жиынтығы.Демек,ойын іс-әрекет 
ретінде жеке тұлғаның қоршаған ортаға белгілі қатынасының кӛрінісі болып табылады. 
Мәселен, С.Л.Рубинштейннің айтуынша, ойын іс-әрекеттің туындысы, ол арқылы адам 
дүниені ӛзгертеді. Ойында алғаш рет баланың дүниеге әсер ету қабілеттілігі қалыптасады 
және байқалады, міне, ойынның негізгі, басты және жалпы мәні осында. Ойынның еңбекпен 


жалпы ортақтығы және оның айырмашылығы ең алдымен олардың түткілерінің 
ерекшелігінде. 
Ойын іс-әрекеті мен еңбек әрекетінің арасындағы негізгі айырмашылық ӛз іс-әрекетіне 
басқаша қатынасына байланысты. 
Баланың мектепке келуі және ол үшін оқу іс-әрекетіне енуіне қарамастан,бала ойынын 
тоқтатпайды.Дұрыс ұйымдасқан ойын бұрынғыша шәкірттің жағымды қасиеттерін 
тәрбиелеуге ықпал етеді, ұжымды ұйымдастыруға, оны топтастыруға кӛмектеседі, достық 
және жолдастық сезімдерді тәрбиелейді. 
Қарым-қатынас туралы түсінік. Қарым-қатынас бұл - тіл арқылы пікір алмасу. Тіл 
дегеніміз – адам қоғамының рухани ӛмірінде объективті ӛмір сүретін құбылыс. Тіл қарым-
қатынас қызметін атқаратын белгілер жүйесі және ой қаруы болып саналады. Сӛйлеу 
дегеніміз –тілдің кӛмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Психологияда сӛйлеуді сыртқы 
және ішкі деп екі формаға бӛледі. Сыртқы сӛйлеудің құрамына ауызша сӛйлеу (диалогты 
және монологты) және жазбаша сӛйлеу кіреді. 
Сӛйлеудің ең байырғы түрі- ауызша диалогтық сӛйлеу. Диалог дегеніміз- екі немесе 
бірнеше адамның тікелей қарым-қатынас жасауы. Монолог дегеніміз- бір адамның ӛз ойын, 
білімін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. 
Іштей сӛйлеу – адамның ӛзімен-ӛзі сӛйлесуі.Іштей сӛйлеуде ой ағымы болады, әлдебір 
шешім туындап, әрекет жоспарланады. Іштей сӛйлеу сыртқы сӛйлеу негізінде қалыптасады. 
Қарым-қатынастың құрылымы: коммуникативтік, перцептивтік және интерактивтік. 
Коммуникативтік жағы – мәліметтермен алмасу. 
Перцептитік жағы – адамдардың бірін-бірі қабылдауы. 
Интерактивтік жағы- адамдардың бір-бірімен араласуы. 
Қарым-қатынастың түрлері:
1.Жеке бастық қарым-қатынас – достық, жолдастық, жақындық қатынастарды білдіреді. 
2.Ресми қарым-қатынас – басшы мен оның қарамағындағылардың қарым-қатынасы. 
3.Кӛпшіліктік қарым-қатынас – кӛпшілікпен араласу (мейрам, митинг және т.б.) 
Қарым-қатынастың деңгейлері: 
1.Макродеңгей –ең құнды қарым-қатынастар; 
2.Мезодеңгей – бір немесе бірнеше рет деңгейдегі қарым-қатынас; 
3.Микродеңгей- сәлемдесу, кӛз қысу, мимика және т.б. 
Ең алдымен адамның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың атқаратын қызметтері 
туралы қысқаша айтуды жӛн кӛрдік. Бұл қызметтер жан-жақты, бірақ негізінен қызметтердің 
үш түрін атап кӛрсетуге болады: ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік 
және эффектілік-коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бӛліп 
қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық ӛзара әрекет және адамдардың бір-бірін 
түсінуі. Қарым-қатынастағы ақпарат алмасу әрекеті туралы айтқанда, қарым-қатынастың 
коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сӛздің тар мағынасында коммуникация туралы 
айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-әрекеттің барысында ӛзара әртүрлі 
елестетулермен, идеялармен, қызығулармен, кӛңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады. 
Осының бәрін ақпарат ретінде қарастыруға болады. 
Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға ақпарат 
теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа шығармай, міндетті түрде 
негізгі мәселелерге мән беру қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет