1-семинар
Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі
Сабақ жоспары:
1. Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдарынан бӛлініп шығуы.
2. Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.
3. Кеңестік психологияның дамуы.
4. Қазақстанда психология ғылымының даму жолы.
Сабақ мақсаты:
Психологияның пәні міндеттері мен зерттеу әдістерінен түсінік беру.
Ғылымның салаларын және басқа ғылымдармен байланысы жайында мағлұмат беру.
Сабақ түрі:
кіріспе және жаңа түсінікті қалыптастыру сабағы
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Психология пәні туралы түсінік.
Психология-
гректің екі сӛзінен шыққан «псюхе»-жан, «логос»-ілім. Психология- психикалық
құбылыстардың мәнін, сипатын және олардың заңдылықтарын, принциптерін, дамуын және
қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның кӛмегімен адамдар қоршаған
ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-
қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент,
мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы
сонымен қатар адамның іс-
әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық
қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).
Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы ӛзінің маңындағы
дүниенің сырын танып білумен бірге, ӛз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-
әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге
дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен
ӛзге елдерде адам баласының мәдениеті ӛсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы
іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай ӛндіріс күштері ӛсті, әлеуметтік ӛмірде
таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды.
Қоғамда адамдардыц
әрқилы наным-сенімдерге негізделген кӛзқарасы қалыптасты. Мұндай кӛзқарастар тек діни
нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми
кӛзқарастардың
туындауына
да
себепші
болды.
Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын
білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі - қан айналысына ерекше мән берілді.
Тіршіліктің негізі - қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік
қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б. з. д. XIII ғасырда денені басқарушы жүрек
қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде тегі
бӛлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін
де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның, сӛйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген
тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры
атқарады деп түсінілді.
Ежелгі Үндістан дәрігерлері адамның психикалық әрекетінің негізгі органы - жүрек,
оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент
жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам ӛзінің даралық ерекшеліктерімен сипатталады
деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсініктерді тудырды.
Психология тарихы психологиялық білімдер жайлы кӛзқарастардың пайда болуын
психология пәнінің ӛзгеруіне байланысты психологиялық ғылымдардың дамуын, сондай-ақ
психикалық құбылыстардың табиғаты жайлы мәселелерді қарастырады.
Психология тарихы оның негізін салушы із ашарлардың ғылыми мұраларын ұқыпты,
құнттап қарауға одан ғылымның әрі қарай дамуына қажет ӛшпес
идеяларын алуға
ғалымдардың жанқиярлық еңбектерін бағалауға үйретеді.
Психология тарихын зерттеу арқылы бүкіл психологиялық болмысты жүйелі қарастыру
қалыптасады және ғасырлар бойы дамып келген әлі қазіргі психология ұғымдар аппаратына
енген ғылымның негізгі категорияларын меңгеру жүзеге асады.
Психология тарихы шет елдік психологиямен бірге Отандық психологияны бірге
қамтиды. Арнайы түрде шығыс, соның ішінде Қазақстан ойшылдарының психологиялық
кӛзқарастарына кӛңіл аударады.
ТМД еліндегі психологияның қазіргі жай күйі кӛбінесе кеңестік кезеңде жасаған
зерттеулермен анықталады. Сондықтан, психология тарихында Отандық психологиялық
ғалымдардың дамуына марксизмнің де әсері зор.
Психологияның тарихының ӛзекті проблемаларын, зерттеу әдістерін, әдіснамалық
мәселелерін
таныстыру, психология тарихындағы бағыттармен, мектептердің, ағымдардың
қалыптасып дамуын және хронологиясын қарастырады.
Негізгі психологиялық категориялар мен кӛзқарастардың дамуындағы сабақтастық
әртүрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың әрекеттестігі қадағаланып отырады. Психология
тарихы әртүрлі дәуірлермен, әр тараптағы халықтардың ойшылдары мен ғалымдарының
үздіксіз сұхбаты ретінде кӛрінеді және онда әрқайсысы психологиялық білімдер қоржынына
ӛздерінің қайталанбас үлесін қосқан. Психология жануар мен адам жанының пайда боуы,
даму және қалыптасу заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Жан құбылстары бізді қоршап
тұрған сыртқы дүние заттары мен нәрселерінің мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
Түйсік, елес, ой, сезім, тілек,
қазақша рефераттар қабілет, қызығу, мінез т. б . — осындай
бейнелер түрінде кӛзімізге ӛз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі қолданнатын
сӛздер. Бұлардың мән — мағынасы мен заңдылқтарын жантану дейтін ғылым арқылы танып
— біліп, ұғынуға болады. Жантану(психология) термині гректің екі сӛзінен тұрады. Оның
біріншісі, «псюхе» қазақша ( жан) , екіншісі, «логос» (қазақшасы — сӛз, ілім — білім)
сӛйтіп, бұл сӛз «жан туралы ілім» дейтін түсінікті білдіреді. Бірақ психологияны қысқа түрде
» жан туралы ілім» деп айта салмай, ӛз алдында крделі заңдылқтары бар, дербес тәжірибеге
сүйенген ғылым деп ұғынуымыз қажет.
Адамның жан дүниесінің күрделі ағымын дұрыс аңғару үшін алдымен қазақша
рефераттар оларды белгілі жүйаеге топтастыруымыз керек. Кісінің жан сыры, яғни ғылым
тілімен айтқанда, оның психикасы бір — бірімен тығыз байлансты үш отпқа бӛлінеді.
Олардың бірі — психикалық процестер, екінші бір тобы — психикалық кейіп немесе қалып,
ал үшіншілері — кісінің жеке — дара қасиеттері немесе ӛзгешеліктері деп аталады.
Психиканы материялистік және идеалистік тұрғыдан түсіну.
Ата-бабаларымыз ӛздерінің сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында
жас ұрпаққа тәрбие
берудің бай тәжірибесін жинақтап, ӛзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін
қалыптастырды. Бұлар адамдардың түрмысына сіңген жӛн-жосық, жол-жоралғылары, әр
адамның іс-әрекетінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен принциптерінің
кӛріністері еді. Қӛшпелі халық ӛзі ӛмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық
жағдайларына, мәдениеті мен тарнхына, табиғатына орайлы жас буынға тәлім-тәрбие
берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен,
жас адамның жұртқа танымал
моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы»
делінетін қанатты нақыл сӛздермен қисындалды. Адамға қойылатын талап-тілектер мыналар
еді: кӛшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбексүйгіштік, қиыншылыққа тӛзе білу, ел
намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сӛз асылын қастерлеу,
тапқырлык,: пен алғырлық, ат кұлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау,
құдайы қонақтың меселін қайтармау, кӛрші хақын жемеу, т.б.).
Қазақстандағы ғылыми психологияның тарихы. Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде
ӛмір сүрген қазақ ойшылдары да сонау ерте кезден бастап-ақ аз айтпаған. Асанқайғы,
Шалкиіз,
Мұхаммед Хайдар Дулати, Ӛтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Ақтамберді, Бұхар, Шал,
Дулат, Махамбет, т.б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында кӛшпенді
ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сӛз болғаны байқалады. Қазақ топырағындағы
жан мәселелері жайлы ХХ ғасырдың басында ӛндірте жазған адамның бірі – Жүсіпбек
Аймауытұлы (1829-1931). Жүсіпбектің тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің
ішінде «Психология» деп аталатын кӛлемді еңбек айрықша атауға тұрарлық. Ӛйткені бұл –
бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар тіліндегі сол кездегі бірден-бір тӛл туынды.
Одан кейінгі ортағасырлық дәуірде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына
ӛлшеусіз үлес қосқан Түркістандық ұлы бабаларымыз рухани салада телегей-теңіз мол
қазына қалдырған. Бұл қазынаға лайықты үлес қосқандар – Әбу Насыр Фараби, Әбу Райхан
Беруни, Ибн Сина, Имам Бухари, ат-Термизи, Ахмет Ясауи, Дәуіт ат-Түркістани,
Мырза
Ұлықбек, Әлішер Науаи және басқалары. Данышпан ата-бабаларымыздың ұлы да даңқт
Шынында да, олардың мұрасынан бұрынғы дәуірдің ағартушы (мағрипат-пәруар)
ойшылдары да, қазіргі заманның қаламгерлері мен ғалымдары да кеңінен пайдаланып келді
және бұдан кейін де нәр ала бермек. Осынау ғұлама ғалымдар ӛмір сүрген дәуірде
этнопсихология ғылымы әлі де қалыптаспаған болса да, олардың сан алуан шығармашылығы
мен еңбектерінде халықтар психологиясына қатысты, кӛңілге қонымды ой-пікірлерді кӛптеп
ұшырата аламыз. Солардың кейбіреулеріне тоқтала кетуді жӛн деп санаймыз.