15-семинар
Семинар сабағының тақырыбы: Адам қабілеттерінің жалпы сипаттамасы
Сабақ жоспары:
1. Қабілет туралы жалпы түсінік
2. Қабілеттің түрлері
3. Қабілетті дамыту жолдары
Сабақ мақсаты:
Студенттердің қабілеттілік туралы білімдерін практикалық ӛмірмен
ұштастырып дамыту.
Сабақ түрі:
пікірталас және әңгімелесу сабағы
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Қабілет – белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік
беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуі және адам қасиеттерінің синтезі.
Қабілеттіліктің ӛлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында.
Б.М.Теплов бойынша (қабілет кӛрсеткіші) Қабілет –бір адамды екіншісінен
ажырататын дара психологиялық ерекшелігі. Қабілет- барша тұлғаға тән болған ортақ сапа
емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға
жарайтын ӛзара ептілік. Қабілет – нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан
оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана кӛрінеді. Қабілеттер дамуының табиғи негізгі
болған мидың құрылысы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анотомия – физиологиялық
нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады.
И.П.Павлов бойынша қабілет типтері. Кӛркемӛнерлік (бірінші сигналдық жүйеге
негізделген). Ой-саналылық (екінші сигналдық жүйеге негізделген.) Аралас (екі жүйе де
бірдей қатысқан). Қабілет түрлері: дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт.
Қабілет негізінен екіге бӛлінеді: Жалпы қабілет немесе практикалық іске қабілеттілік.
Қабілет теориялары: Тұқымқуалаушылық теориясы; жүре пайда болатын теориясы; табиғи
және жүре пайда болатын қасиеттердің диалектикасы.
Мұғалім ӛз шәкірттерін бақылай отырып, мінездеме бергенде біреулері оқуға ерекше
қабілетті, кейбіреулерінің қабілеттіліктері нашар екендігін негізсіз айтып отырған жоқ.
Шәкірттердің мектепте оқытылатын жекелеген пәндерге кабілеттіліктері әртүрлі келеді. Бірі
— математикаға қабілеттілік аңғартса, бірақ ауызша және жазбаша сӛйлеуде ӛз ойын
толықтай жеткізе алмайды. Екіншісі — әдебиет пен тілге, жалпы гуманитарлық ғылымдарға
бейім келеді, бірақ математика, физика, химия сияқты ғылымдарды меңгеруде қиындықты
кездестіреді.
Қабілеттіліктер тек қана іс-әрекетте аңғарылады. Адамды іс-әрекетте байқап қарамай,
оның кабілетті немесе қабілетсіз екендігі туралы айтудың ӛзі дұрыс болмас еді. Егер бала
музыкалык іс-әрекеттің қарапайым түрлерімен айналыспаған болса, егер оны әлі де музыкаға
оқытпаған болса, музыкаға қабілеттілігін айтуға болмайды. Тек музыкалық білім беруге
оқыту үрдісінде оның қабілеттілігі қандай болады, ырғақты сезіну, есту қабілеті, музыкалық
есі тез және жеңіл немесе жай және қиын қалыптасатындығы анықталады.
Белгілі іс-әрекетте қабілеттіліктер тек байқалып қоймайды, сонымен қатар дамиды. Адам
белгілі іс-әрекетке қабілетті болып тумайды, оның қабілеттіліктері қалыптасады, дұрыс
ұйымдасқан іс-әрекетте дамиды. Арнайы іс-әрекеттен тыс қабілеттіліктердің дамуы мүмкін
емес.
Қабілеттіліктер жалпы және арнаулы болып бӛлінеді. Мысалы, ойдың сапасы немесе
естің сапасы сияқты психикалық қасиеттер кӛптеген іс-әрекетте кеңінен қолданылады.
Жалпы қабілеттіліктерге жеке тұлғаның қасиеті ретінде бақылағыштық жатады. Сонымен
қатар жалпы қабілеттілік байқалған адамдар әртүрлі іс-әрекетпен ойдағыдай айналыса алады.
Мәселен, жалпы қабілеттілікті меңгерген мектеп оқушылары кӛп жағдайда барлық
пәндерден жақсы оқиды. Арнаулы қабілеттілік қандай да белгілі бір іс-әрекетті ойдағыдай
орындауға мүмкіншілік жасайды. Математикалық техникалық, әдеби, музыкалық, бейнелеу
ӛнері саласында және тағы басқа қабілеттілік қалыптасуы мүмкін.
Қабілеттіліктердің бұл екі негізгі түрінен басқа үшінші түрін — практикалық іс-
әрекетке қабілеттілікті ерекше атауғаболады. Бұл түріне құрастырушылық — техникалық,
ұйымдастырушылық, педагогикалық қабілеттіліктер жатады.
Кӛптеген қабілетті адамдар тек белгілі бір салада қабілеттілік танытты, мәселен,
музыкада немесе математикада, немесе ӛнерде. Психология ғылымында қабілеттіліктердің
біршама жеткілікті зерттелген салалары музыкалық қабілеттіліктер (Б.М.Теплов),
математикалық (В.А.Крутецкий), бейнелеу ӛнері (В.И.Кириенко, Е.И.Игнатьев), әдеби
(Н.Черникова, В.П.Ягункова, В.Л.Дранков, Э.Г.Лейбовская), техникалық (П.М.Якобсон,
С.М.Василейский, Н.Д. Левитов), педагогикалық (Ф.И.Гоноболин).
Белгілі бір істі ӛз бетімен және ойдағыдай орындауда қабілеттіліктердің қиысып келуін
талант деп атайды. Кейде балаларда математикалық және техникалық таланттар ӛте ерте
аңғарылады.
Талантты адамдар шығармашылық қызметке ерекше қабілеттілік аңғартады. Әдебиет
пен ӛнер саласында құнды шығармаларды дүниеге әкеледі, ғылым мен техника саласында
күрделі теориялық және практикалық міндеттерді ойдағыдай шешуге қабілетті.
Таланттылықтың жоғары денгейін дарындылық деп атайды. Ғұламалық қоғамдық ӛмірде,
ғылымда, әдебиетте, онерде және т.б. жаңалықты аша білетін дарынды адамдар.
Дарындылар, ғұламалар адамзат дамуында жарық жұлдыздар, тарихи қайталанбас белгілі
дәуірдің тұлғалары. Қазақ халқының ғұлама ойшылдары Абай, ІІІоқан, Мұхтар, Қаныш —
сирек кездесетін дарынды тұлғалар. Дарынды тұлғалардың қатарына А.С.Пушкинді,
М.В.Ломоносовты жатқызуға болады.
Бейімділік дегеніміз — жеке тұлғаның қандай да бір іс-әрекетті орындауға
бағыттылығын айтады. Белгілі іс-әрекетке бейімділік пен қабілеттілік бір-бірімен кӛп
жағдайда сәйкес келеді, бірге дамиды. Белгілі бір іс-әрекеттің түріне баланың ӛте жоғары
бейімділігі оянған қабілеттіліктің кӛрсеткіші болып табылады. Мысалы, бала 2-3 жасында
ұзақ мерзім отырып, музыка тындауға дайын. Осындай жағдай музыкалық қабілетін дамыту
үшін қолайлы табиғи бейімділігінің болғандығын кӛрсетеді.
Балаларда қабілеттілікті дамыту белгілі бір іс-әрекетте олардың кабілеттіліктерінің
нығаюына тікелей байланысты. Белгілі бір іске ӛте күшті және тұрақты бейімділік осы іс-
әрекетке катысты негізгі қабілеттіліктің барлығын аңғартады.
Достарыңызбен бөлісу: |