Күрделі ауытқұлардың негізгі себептері. Күрделі кемістіктері бар балаларды дер кезінде анықтау үшін олардың әр-бір ауытқыған әрекеттренінің себебімен салдарын білу керек. Кейбір жағдайда күрделі кемістіктердің бір ғана немесе бірнеше үқсас себептері болады. Жиі кездесетін күрделі ауытқулардың негізгі себептері төмендегідей: бір кемістіктің (негізгі түрінің) себебі генетикалық өзгерістер болса, екінші (қосымша) кемістік сыртқы факторлардың әсеріненде болады:
-ек кемІстік те бір-біріне үксамайтын генетикалық түқым қуалаушылықтың әсерінен болады;
-әрбір кемістік сыртқы зиянды әсерлердің салдары болып табылады, бірак бүл себептер бір-бірімен байланыспауы да мүмкін;
-екі немесе одан да көп кемістіктер бірғана түқым қуалайтын синдромынын белгілері болады;
-екі немесе одан да көп кемістіктер бір ғана әкзогендік фактордың әсері болуы да мүмкін.
Көбінесе күрделі кемістігі бар балалардың негізгі себебі қүрсақта даму кезеңінде әсер еткен генетикалық залалды факторлар. Осы сияқты хромосомдық ауруларында да күрделі кемістіктер кездеседі. Мысалы, Даун синдромында кездесетін кемістіктердің негізгісі- кемақылдылық, 70% есту әрекеті зақымданған, 40% көру әрекеті зақымданған болса, ал осы балалардың 30% көптеген сезім мүшелерінің зақымдануы кемақылдылыққа қосарланып кездеседі. Қазіргі кезде зерттелген түқым қуалайтын синдромдардың тағы бір клиникалық түрі Ушер синдромы. Осы патологияның негізгі белгілеріне жататын күрделі кемістікгер: есту әрекетінің зақымдануы - туа қалыптасқан, ал кору қабілетінің төмендігі екі үш жастан кейіп ғана білінеді. Оның себебі көру талдағышының торша қабығының дегенерациялық өзгерістері, ал жасөспірім кезінде байқалатын өзгеріс - көру аймағының өте тарылуы.
Кейде байқалатын күрделі кемістіктердің негізгі себептеріне сыртқы ортаның залалды әсерлері жатады. Мысалы, нәрестеге босану кезеңінде әсер еткен әртүрлі зиянды әсерлер оның ана қүрсағында калыптасу кезеңіндегі зиянды әсерлермен қатар (жүқпалы аурулардың: қызылша,қкызамық, туберкулез, токсоплазмоз, цитомегалия қоздырушыларының әсерінен) басталған патологиялық өзгерістерді дамытып, нәрестенің жағдайын нашарлатады.
Соңғы жылдары аныкталғандай, көптеген шала туған балаларда кездесетін көру, есту сезім мүшелдерінің зақымдануы да әртүрлі зиянды себептердің әсері. Бірақ оларды дер кезінде анықтап, дүрыс емдеу арқылы жағдайларын жақсартуға болады. Ал кейбір жағдайда осы топтағы балаларда кездесетін күрделі кемістіктерге қосарлана БЦП және басқа да ауытқулар айқындалады. Бұл балалардың келешектегі жағдайы өте ауыр.
Сонымен, күрделі кемістіктердің белгілерін анықтап, себептерін айқындау балаларда кездесетін ауытқуларды дер кезінде емдеу және түзету әдістерін дұрыс, нәтижелі қолдану үшін өте қажет.
Күрделі ауытқулар - бұл бірнеше кемістіктердің бірлесіп, баланың
дамуына кері әсерін тигізеді. Бірақ бұл кемістіктердің тек қосындысы емес, оның әркайсысының қалыптасу ерекшеліктері бар. Қосылған кемістіктердің клиникалық белгілері жеке-жеке кемістіктер түрлерінің белгілерінен ерекше. Сондықтан, ғылыми әдебиеттерде кездесетін «күрделі ауытқулар», деген терминдеріне мағынасы бойынша үқсас «күрделі дефект», «дамудың күрделі ауытқулары», «бірнеше кемістіктердің бірлескен түрі» сияқты сөздер қолданылады. Оның бәрі - сонғы кезде жиі кездесетін ауытқулардың күрделі құрамын анықтайды. Ауытқулардың құрамына байланысты күрделі зақымдануы бар балалар үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа жататын балаларда психикалық және физикалық дамуында негізінен ауыткудың екі түрі кездеседі. Осы ауытқулардың әрқайсысының өзі-ақ балалардың дамуын кері әсерін тигізеді. Мысалы, соқыр - саңыраулық, кемақыл -саңыраулық, нашар еститін және психикалық дамуында тежелуі бар балалар.
Екінші топқа бірінші кезектегі өте ауыр кемістігі бар және оған қосымша ауытқу - жеңілдеу, бірақ ол да баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы, кемақыл балаларда кездесетін нашар есту. Осы жағдайды кейде баланын алғашкы кемістігінің асқынуы деп түсіндіруге де болады.
Үшінші топқа - кемтар балаларда кездесетін бірнеше алкашқы кемістігі бар және кейбір жағдайда оған қосылатын аскынған кемістіктер. Мысалы, кемақыл, нашар көретін және нашар еститіп балалар; немесе қимыл-тірек аппараты зақымданған балаларда кездесетін қөру және есту кемістіктері оған косымша тіл мүкістіктері.
Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей күрделі кемістігі бар балалардың саны аса көп емес, бірақ тәжірибелі дефектологтардың түжырымы бойынша арнайы мекемелерде осы балалардың саны 40% күрайды. Сондықтан, осы балалардың ерекшеліктерін білу, арнайы мекеменін жүмыс істеу әдістемелерін құрастырғанда және түзету әдістеренің нәтижесі болуына өте кажет. Осы балаларды толық зерттеп, және олардын ерекшеліктерін жақсы білу - оларға тек түзету, дамыту әдістерін колдану үшін ғана қажет емес. сонымен қатар олардың келешекте жағдайларының нашарлауының алдын-алу үшін де қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |