Семинар тақырыбы : «Жемқорлық»


Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары



бет2/3
Дата24.03.2023
өлшемі34,52 Kb.
#75976
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
СЖ №1

Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары:
а) мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік қызмет жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыс;
б) лауазым иелерінің басқа да кез келген қылмыстары, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің қылмысын;
в) қызмет бабын пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып жасаған қылмыстарды жатқызамыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қылмыстық заңдылықты дамытудың маңызы ерекше. Жоғарыда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлықпен күресте қылмыстық жаза маңызды рөл атқарады.
Бұл шаралар панацея емес, олар белгілі бір жағдайда ең бір тиімді мүмкіндік беретін күрестің қажетті бір бөлігінің бөлінбейтін факторы. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі сыбайлас жемқорлықпен күреске қарсы қазіргі заман талаптарына толығырақ жауап береді, бірақ сонда да болса Қылмыстық кодексте бұл тұрғыдан алғанда кейбір кемшіліктер бар. Сыбайлас жемқорлық көрінісі құбылмалы, міндетті түрде жəне тез жаңа түрге өзгеріп тұрады. Жеткілікті қылмыстық құқықтық нормасыз онымен күресу мүмкін емес. Сондықтан да үнемі қылмыстық заңдылықты жетілдірудің белгілі қажеттілігі туындайды.
Мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның жəне лауазым адамының өз қызмет бабы бойынша берілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасаған кез келген қылмысы оны жасауды жеңілдетеді жəне оның қоғамдық қауіптілігін арттыратынын есепке ала отырып, “лауазым иесінің, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің қызмет өкілеттілігін пайдалана отырып, қылмыс жасауын” жазаны ауырлататын мəн-жай ретінде қарастырған дұрыс болар еді (ҚРҚК-54 бабы).
Заң шығарушы əділ түрде көптеген қылмыстарды өз қызмет бабын пайдалану арқылы жасалатынын көрсетеді. Осы жағдай бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігін арттырады, себебі мұндай қылмыстар субъектісінің қызмет өкілеттілігін пайдалану арқылы жасалады жəне сондықтан да бұл қылмысты жасау жеңіл болады.
Бірақта біздің пікірімізше, заңшығарушының бұл мəселеде белгілі бір дəйектілік ұстанымы жоқ. Кейбір қылмыс құрамын белгілеген кезде қызмет бабын пайдалану іс-əрекеттің қоғамға қауіптілігін арттыратын белгі ретінде көрсетілмеген. Қылмысты адамның қызмет бабын пайдаланып жасауы белгілі бір іс-əрекеттің қоғамға қауіптілігі дəрежесін арттырады, сондықтан бұл белгі тиісті заңда көрініс табуы қажет. Мысалы, мұндай құрамдарға Қылмыстық кодекстің 181-бабының 3-бөлігі, 180-бабының 2-бөлігі, 196 бабының 3-бөлігі, 206-бабының 3-бөлігі, 207-бабының 3-бөлігі, 251-бабының 4-бөлігі, 259-бабының 4-бөлігі жəне т.б. жатады. Осындай құрамдардың ауырлататын түрі ретінде қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануды көрсету өте орынды болар еді.
Сыбайлас жемқорлық көлемінің өсуі билік органдарын бұл құбылысқа қарсы күреске бағытталған көптеген нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға мəжбүр етеді. Бірақ мұндай шаралардың тиімділігі, оны бірінші болып міндеттітүрдеорындауғатиістілауазымиелерінің оны елемеуіне байланысты өте төмен. Бұны соңғы кездері жүргізілген көптеген зерттеулер дəлелдеп отыр. “Мемлекеттік қызмет туралы” заңның негізгі ережелері де қағаз жүзінде қалды, ал онда мемлекеттік қызметшілерді табыстары жəне мүліктік жағдайы жайлы декларация толтыруға міндеттейді. Декларация толтырудан бас тарту жұмыстан шығаруға негіз болады. Осыған қарамастан бұл талап орындалмайды. Шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық туралы заңды мүлде елемеуінің мұнан басқа да мысалдарын келтіруге болады. Оны бұзғаны үшін қолданылатын əкімшілік шаралардың тиімділігінің төмендігі күмəн тудырмаса керек. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңдылыққа əдейі орындалмағаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін арнаулы қылмыстық-құқықтық норманы белгілеу қажет.
Коррупциямен ұйымдасқан қылмыс бөлінбейтін, бөлшектенбейтін криминалды одақты құрады. Ұйымдасқан қылмыстың қанатының кең жайылуына коррупцияланған ұйымдар себепші. Н.Л. Павленконың дұрыс пікірі бойынша “Коррупция дегеніміз – ұйымдасқан қылмыс пен мемлекеттік органдарының бірігіп кетуінің басты тəсілі”. Егер басқа елдерде ұйымдасқан қылмыс мемлекеттік шеңберге кіруге енді ғана талпынып жатса, отандық ұйымдасқан қылмыстың əуел бастан өз құрылымдары бар. Сондықтан да Қазақстандағы коррупция дегеніміз – тамыр-таныстық қана емес, сонымен қатар көп пайда табуға жетудің тəсілі. Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық дегеніміз ұйымдасқан қылмыстың негізі деген ғалымдардың пікірлері логикалық тұрғыдан дұрыс. Шын мəнінде, “ұйымдасқан қылмыстың ерекшеліктеріне коррупциямен байланыс жасау жатады, ал бұл экономика саласында маңызды операция жасауға қажетті ақпарат алуға, дер кезінде құқықтық жазадан құтылуға мүмкіндік береді”.
Осылайша, мемлекеттік билік органдарына сенімді жəне кең сыбайлас жемқорлық байланысы болмаса ұйымдасқан қылмыс өмір сүре алмайды. Міне, сондықтан да біз жоғарыда атап өткеніміздей ұйымдасқан қылмыс табысының заңсыз пайдасының 50%-ға дейіні пара алуға кетеді. Мемлекеттік аппаратпен коррупциялық қарым-қатынасы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың көбеюі қауіп тудырып отыр. Егер 2002 жылы 8 коррупциялық байланысы бар 78 ұйымдасқан қылмыстық топ (4,8%) анықталса, ал 2003 жылы 37 (12,9%) анықталды.
Айтылғандарды түсіндіре келе мынадай қорытынды жасауға болады: мемлекеттік аппаратпен ұйымдасқан қылмыс арасындағы байланысты бұзу сыбайластыққа салынған қызметшілермен ұйымдасқан қылмысқа берілген мықты соққы болып табылады. Əрине, бұл өте күрделі мəселе. Мұны орындау үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы кешенді бағдарлама жасау қажет. Осындай шаралардың өз өкілеттіліктерін ұйымдасқан қылмыстың топ мүддесі үшін пайдаланатын қызметшілердің қылмыстық жауакершілігін күшейткен жөн болар еді.
3. Сыбайлас жемқорлық ұғымы және түрлері.Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;
Сыбайлас жемқорлықтықтың себептік-кешендік факторлары (пайда болу себептері)
Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде мынадай сауал туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Осы себептердің әрқайсысына тоқталайық.
Әлеуметтік-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі. Елдегі бұндай байлыққа екі тұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел экономикасының өркендеуін емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан сыбайлас жемқорлық субъектілерін қызықтырады. Сонымен бірге Жемқорлықтың өріс алу себептерінің аса маңыздысы - мемлекеттік және жеке секторлар қызметкерлерінің еңбекақы көлемі. Әрине, еңбекақысы төмен болғандықтан, шенеуніктер қосымша табыс көздерін іздестіреді, осындай жағдайда шенеуніктер ресми қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, пара алады. Мемлекеттік қызметшілердің табысы үлкен көлемді болғандықтан, олар өз қызметінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасамауына жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін адал да мінсіз орындаған қызметшілерді көтермелейді, сыйақы беруге ұсынады, заңды түрде лауазымын көтере ді. Осындай жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінен шықпауға, заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады.
Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына кері әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін саяси факторларға мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның демократиялануына байланысты сыбайлас жемқорлық «жаңа» салаларды игерді, бұл – саяси партияларды, электораттық лауазымдық қылмыстарды қаржыландыру, сайлауда сайлаушылар дауысының басым көпшілігін алуды қамтамасыз ету үшін саяси демеушілер жүйесін дамыту. Демократияландыру үдерісі саяси қызметті жүзеге асыру үшін орталық биліктің біршама өкілеттіктерін аймақтық және жергілікті билікке беруді көздейді, ал бұндай жағдай кейбір басшыларға жаңа конституциялық өкілеттіктерін асыра пайдалануға мүмкіндік береді. Сөйтіп, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады:

  • бостандыққа ие азаматтық қоғам - мемлекетте жемқорлық деңгейі өте төмен болуының кепілі.

  • саяси тұрлаулылық, үкіметтің, басшылардың жиі ауысуы, сыбайлас жемқорлықтық өрістеуінің басты шарты.

  • мемлекеттің жалпы саяси бағытының жиі өзгеруі елдегі әлеуметтік - экономикалық ахуалдың тұрақсыздығына әкеп соғады.

Ұйымдық-институционалды себептер. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттіліктің институционалды негіздеріне сіңіп, олардың қызметінің тиімсіздігі, дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан, есеп беру және бақылау жүйесінде нақтылық болмағандықтан кең өріс алуда. Билік және сыбайлас жемқорлықты бақылау бір-бірімен тығыз байланысты. Сыбайлас жемқорлық – биліктің қауқарсыздығының көрсеткіші. Нақты институционалды ұйымның болмауы, қызметтің егжей - тегжейлі регламенттенбеуі, құқық бұзушылықтың бақыланбауы және жасалған қылмыс үшін жауапқа тартылмауы - басқару аппаратының қауқарсыздығына және сыбайлас жемқорлықтың дамуына әкеп соғады.
Құқықтық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлық - бұл әлеуметтік жауыздық, біріншіден мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік түрде құлатады. Мемлекеттік аппараттың тиімсіз ұйымдастырылуының салдарынан қоғамда құқықтық реттеудің кемшіліктері де орын алуы ықтимал. Құқықтық реттеудің кемшіліктеріне кейбір елдердің заңнамасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы мәмілелер жасасқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту және жазалау жүйесінің болмауы, мемлекеттік қызметті өтеу жөніндегі нақты ережелер мен регламенттің жоқтығы жатады. Ал бұндай жағдай ұйымдасқан қылмыспен астасып жатқан кәсіпкерліктің және биліктің тығыз байланыста жұмыс істеуіне өте тиімді. Осыған орай фаворитизм, протекционизм, лоббизм өркендеуде. Сонымен қатар непотизм мен саяси демеушілік те кең тараған. Сыбайлас жемқорлық қалыпты нормаға айналады. Ал бұл – құқық қорғау органдарының, көп жағдайда осы органдардың өзі де сыбайлас жемқорлыққа малынған, біріншіден, институционалды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге күші жетпейді, екіншіден құқық қорғау органдарын сыбайлас жемқорлық субъектілері өз заңдарына бағындырады. Қылмыс жасағандардың басым көпшілігі жазаға тартылмағандықтан, қылмыстық істерін одан әрі жалғастыра береді. Көп жағдайда сот жүйесі сыбайлас жемқорлық субъектісіне қатысты өз бетінше және тәуелсіз шешім шығара алмайды. Тәуелсіз құрылымдар енгізілген бірқатар елдер (АҚШ-та тәуелсіз прокурор, Гонгконгта, Сингапурде, Малайзияда, Тайванда тәуелсіз комиссия) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде нақты жетістіктерге қол жеткізді. Бұндай мекемені құру кезінде билік пен мүлік, саясат пен ақша мәселесі жүйелі шешімін табуы керек.
Мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлыққа мәдени - этикалық факторлардың ықпал етуіне баға беру жеңіл емес, себебі бұл сала «материалды емес». Алайда қоғамның мәдениеттілігін сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі ретінде қарастыруымыз тиіс. Дін, мәдениеттің ажырамас бөлігі бола тұрып, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың дамуының алғышарттары болуы мүмкін. Сондықтан қоғамда бір әрекет норма деп танылса, оны қылмыс деп жариялау қиындық келтіреді. Осы жағдайға орай мынадай мысал келтірейік. Қытайда басты идеология конфуциандық болғанын білеміз, оның қағидаттары бойынша халық жоғары қызметтегі адамдарды «әкеміз» деп қарастырған. Сондықтан қабылдауға келмегеннен гөрі, қабылдауға сыйлықсыз келгені наразылық туғызған. Байқағанымыздай, бір елде кейбір құбылыс сыбайлас жемқорлықтық деп танылса, екінші елде оны сыпайылық танутышылық деп біледі. Мәселен, «керек» адамды мейрамханаға шақыру, «ерекше» бір көмегі үшін біреуге құнды сыйлық беру, жоғары оқу орнына түсуге көмектесу тағы сол сияқты этикаға жатпайтын қылық деп танылмайды.
4. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық мәселесін әрбір мемлекетте, түрлі халықаралық ұйымда кездестіруге болады. Бірақ ол барлық жерде бірдей бола бермейді. Тарихи дәуір және мемлекеттің әлеуметтікэкономикалық даму кезеңіне қарай сыбайлас жемқорлықтың пайда болу мәселелері де әр алуан болып келеді. Кейбір шет елдердің мемлекеттік басқаруында және мемлекеттік қызметінде жемқорлықтың алдын алуға және жоюға бағытталған әкімшілік қалыптың кешендері құрылған. Бірқатар мемлекеттерде шенеуніктердің ар кодексі немесе этикалық кодекстер жиынтығы болып табылатын арнайы заңдар қабылданған. Осыған орай, шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шараларына назар аударайық.
Транспаренси Интернешнлдің мәліметтерін негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың жер жүзіне таратылу айырмашылықтарын және қазіргі әлемдегі жемқорлықтың деңгейін зерттеу мақсатында, әлем картасындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты бейнелеп көрсетуге тырысайық. Халықаралық тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтқанда, барлық елдерді шартты түрде төрт санатқа бөлуге болады: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдер; 2) сыбайлас жемқорлық орташа деңгейдегі елдер; 3) сыбайлас жемқорлықпен өте келелі мәселелері бар елдер; 4) сыбайлас жемқорлық айрықша байқалатын елдер. Әрі қарай осы жүйені негізге аламыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдерге Дания, Финляндия, Швеция, Жаңа Зеландия, Канада, Нидерланды, Норвегия, Швейцария, Австралия, Сингапур, Люксембург, Ирландия, Германия, Ұлыбритания, Израиль, АҚШ, Австрия, Исландия, Жапонияны жатқызуға болады.
Жоғарыда аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері - осы елдердің үкіметі сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп қарайды. Сондықтан, сыбайлас жемқорлық сырттан төнген және ішкі қауіп ретінде қабылданып, соған байланысты онымен күрес көлемді және кешенді сипат алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет