Семинар тақырыбы: «Қазіргі қазақ прозасындағы рухани құндылық көрінісі»



бет4/4
Дата25.05.2023
өлшемі29,43 Kb.
#97179
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
Ғылыми семинар есебі - Алмасханқызы А^

Қорытынды:

Қорыта айтқанда, бүгінгі қазақ әдебиеті қоғамның рухани бейнесін көрсету, ұлттық идеяны дәріптеу және ислам және дін идеясын өз әңгімелеріне өзек етіп отыр. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасындағы үлкен бір жаңалық − дін тақырыбы. Бұл – туған әдебиетімізде үлкен шектеуге ұшырап, әдебиет ішінен өз орнын ала алмай жүрген тақырып. Міне, осындай рухани мешеулік жайлаған атмосферадан кейін С.Досанов, Т.Ахметжан, Д.Амантай, А.Кемелбаева, Д.Рамазан, Е.Әбікен, т.б. қазақ қаламгерлері өте жаңашыл, ірі қадам жасады. Қаламгерлердің бірқатары – А.Кемелбаева мен Д.Амантайлар өздерінің дінге бет бұруын жалған бояулармен әсірелемей, ішкі болмысты таза қалпында көрсетулері құптарлық жайт. Ал, Д.Рамазан сынды жазушыларымыз дін тақырыбындағы сонылықты Құраннан тікелей аударма жасап, интерпретация әдісіне жүгінеді. Сонымен қатар, Құранның ең қадірлі, ірі маңызды сүрелеріне үлкен мән беріп, Құранға үстірт мойын бұрмай, үлкен суреткерлікпен қарап жазған көркемсөз шеберлері де баршылық. Құран сүрелерінен үзінді келтіру арқылы дүниеге келген туындылар − автордың бар идеялық-эстетикалық тұжырым, байлауын көрсетеді.


Магистрант А. Алмасханқызы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет