№12 Семинар тақырыбы: Орта буындағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың өлшемдері.
Мақсаты:
1. 5-8 сынып оқушыларының оқу пәндері.
2. Өзін-өзі бағалау жəне оқушылардың өзара бағалауы.
Әдістемелік нұсқау: Материалдарды жинақтау, іріктеу және оған талдау жасау арқылы
Сұрақтар құрастыру.
Өткізу формасы:топтық
Бағалау критерийлері: ұсынылған үлгі бойынша
Әдебиеттер: Интернет -ресурстар
5-9 сынып оқушыларына қандай пәндер оқуға міндетті саналады?
Бұл тұрақты компоненттің пәндері. Тілдік пәндерге аптасына 10-12 сағат бөлінеді:
Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, сондай-ақ қазақ тілді оқушыларға арналған шет тілі;
Орыс тілі, орыс әдебиеті, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, сондай-ақ орыс тілді оқушыларға арналған шет тілі.
Математика мен информатикаға аптасына 4-6 сағат қарастырылған. Бұл сегментке математика (5-6 сыныптар), алгебра (7-9 сыныптар), геометрия (7-9 сыныптар) және информатика (5-9 сыныптар) жатады.
1-4 сағат жаратылыстануға бөлінді: 5-6 сыныптарға арналған жаратылыстану пәні, сонымен қатар 7-9 сыныптарға физика, химия, биология және география.
3-4 сағат "Адам мен қоғам" санатындағы пәндерді оқуға бөлінді. Бұлар – Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, құқық негіздері (9 сыныптарға) және өзін-өзі тану.
1-3 сағат "Технология және өнер" санатына бөлінді: ән және көркемдік еңбек – 5 сыныптарға.
Аптасына екі сағаттан барлық сыныпқа дене-шынықтыруға уақыт беріледі.
Бағалау критерийлері арқылы өзін–өзі және өзара бағалауды тиімді жүргізу зерттеу әрекетімнің мақсаты болса, зерттеу міндеттері оқушыны төмендегідей нәтижелерге жеткізеді деп болжадым: − Оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін болжай алады; − Оқушылар өзара және өзін-өзі бағалау арқылы өзіндік белсенді оқуға ынталары артады; − Өзін-өзі және өзара бағалау оқушылардың өзара ынтымақтаса жұмыс жасауына ықпал етеді; − Пәнге деген қызығушылықтары жоғарылайды; − Өздеріне, сыныптастарына деген сенімділіктері артады; − Өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға қалыптасады; − Алған дағдылары мен білімдерін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауларда қолдана алады. Тақырып пен мақсат-міндеті анықталған іс-әрекеттегі зерттеуді енді қалай бастасам болады? Бұрынғы тәжірибе бойынша бағалауды оқыту мен оқудан кейін болатын үдеріс ретінде қарастырып келдік. Сабақ үрдісіндегі жүргізілген бағалау оқушылардың оқуына ықпал ететіндей деңгейде ойластырылу керек. Ақпарат беру арқылы оқушының оқуына көмек көрсете алатын әрі ол ақпаратты мұғалімдер мен оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауға арналған кері байланыс ретінде пайдаланады. Сыныптағы оқушылардың қалыптастырушы бағалауға қатысты пікірлерін анықтау, зерттеу жұмысын жоспарлау мақсатында сауалнама алдым. «Қалыптастырушы бағалауды кімнің бағалағаны дұрыс?» деген сауалға сыныптағы 20 оқушының 19-ы мұғалімнің бағалағанын дұрыс деп санайды екен. Олардың ойынша, «оқушылар бірі-бірін әділ бағаламайды», «мұғалім адал, сондықтан барлығына әділ бағалау жүргізеді», «мұғалім оқу бағдарламасын толық біледі», «балаға қарағанда бағалау туралы көбірек біледі». Сыныптағы Төре деген бір оқушы ғана «кей кезде мұғалім сыныптағы балаларға қарап үлгермейді, ал жұптағы оқушылар бірін-бірі жақсы бағалайды» деп жауап берген екен. Мені 19 оқушының пікірлерінің бірдей болғаны емес, осы оқушының пікірі ойландырды. Сыныптағы 20 оқушының барлығын бір уақытта бақылап, тыңдау мүмкін емес қой. Шынында да, мұғалімнің дұрыс бақылай алмағандығынан да кей кездерде әділ бағалау болмай қалатынымен тәжірибеде кездесіп жатамыз. Сондықтан да алғашқы «Қалыптастырушы бағалауды қалай ұйымдастырған дұрыс?» деген сұрақтың жауабының нәтижесі де оқушылардың бағалауды топтық және жұптық жұмыс арқылы жүзеге асуларын қалауы. Оқу үшін бағалаудың оқушы үшін маңыздылығын білім алушылардың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму қажет екендігін анықтау қажеттігімен түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |