Семинар тақырыбы: Тәрбиелік жүйелер. Тәрбиелік жүйелер ұғымы. Тәрбие жүйелерінің даму кезеңдері. Мектеп тәрбие жұмысының орталығы


Әлеуметтік бағытталған тәрбиелік жұмыстар



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі19,39 Kb.
#16582
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 семинар

Әлеуметтік бағытталған тәрбиелік жұмыстар Мұғалім үнемі балаға талап қою әдісін қолдана бергеннен гөрі оған еркіндік бере отырып, тәрбиеленгені жөн. Әрине, баланың кім немесе қалай болып өсіп келе жатқаннан қоғамның мән бермеуіне болмайды. Алайда мұғалім өзінің іс-әрекеті арқылы баланың жақсы болуына өзін ұмтылдыруы қажет. Тәрбие- балада адамгершілік, әлеуметтік негіздерді қалыптастыратын өнер. Адамның өзіндік санасы оның тәртібін реттеп отырады. Сонда ғана тәрбиеде жетістікке жетеміз.

Қазіргі кезеңде тәрбие іс-әрекетіндегі негізгі бағыттар мыналар:

а) Жас ұрпақтың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Ғылыми дүние танымды қалыптастыру үшін жеке тұлғаның қоршаған табиғат, әлеуметтік орта, өзі және өзінің іс-әрекеті туралы көзқарастарымен сенімдердің жүйесін қалыптастыру керек. Адамның дүниеге көзқарасы – оның барлық өмірінің идеялық бағытын, іс-әрекетін, тәртібін айқындайтын ең маңызды буын. Дүниетанымды қалыптастыруды негізі мектепте әрбір пәнді оқыту және тәрбиелік шараларды өткізу арқылы қаланады.

ә) Ақыл-ойын дамыту және жалпы мәдени деңгейін көтеру, қазіргі тәрбиеге байланысты қойылып отырған маңызды талаптардың бірі-оқушылардың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, ақыл ой мәдени еңбегінің деңгейін көтеру. Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұнына табиғат, қоғам және адам, қазіргі өндіріс туралы білімдер енеді. Немістің прогресшіл педагогы А.Дистербег «ақиқат емес білім білімсіздіктенде жаман» -деген.

Ақыл -ой тәрбиесін беру мазмұнына психикалық процестерді, ес, қиял, ойлау, сөз, зейінді дамыту енеді. Пікір сайыстар, кітаппен жұмыс, зерттеу жұмыстары баланың ақыл-ойын дамытады.

Мектептердегі тәрбие процесінің алдында тұрған басты міндеттер оқушылардың танымдық, шығармашылығын дамытатын ойындар, шаралар, іс-әрекеттерді кеңінен ұйымдастыру болып табылады. Мектепте алынған білімдердің кейбірі уақыт өте ұмытыла бастайды, сондықтан оқушыларды өз беттері мен логикалық ойлауға, кез-келген құбылысты талдай және түсіне білуге үйретуіміз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет