Семинар тақырыбы: Тәрбиелік жүйелер. Тәрбиелік жүйелер ұғымы. Тәрбие жүйелерінің даму кезеңдері. Мектеп тәрбие жұмысының орталығы


Жеке тұлғаның дамуына қоғамның материалдық -техникалық базасының әсері



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі19,39 Kb.
#16582
түріСеминар
1   2   3   4   5
Жеке тұлғаның дамуына қоғамның материалдық -техникалық базасының әсері. Біздің қоғамымыздың материалдық-тұлғалық базасы демократиялық қоғамдағы нарықтық кәсіпке даярлау мектебінен басталуы тиіс.

е) Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әр халықтың әдет-ғұрпы, дәстүрі оның тұрмысындағы ерекшеліктерінің әсері. Қазақстан Республикасының демократиялық қоғам құруы, өз алдына мемлекет болып тәуелсіздік алуы Қазақстанда тұратынбарлықхалықтардың тұрмысына үлкен өзгерістер енгізді. Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған рухани байлығы, салт- дәстүр, әдет -ғұрпы өмірге қайта келуі де тұрмысымызға сән бере бастады.



ж) Табиғи ортаның адамның дамуына,қалыптасуына әсері. Мысалы, солтүстікте тұратын халықтардың жай, байсалды, орнықты, ал оңтүстік халықтары қызу қанды болатыны белгілі.

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетіным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет