Сабақтың мақсаты: ХІІІ - ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын еске түсіру Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, мәдени дамуын қарастыру және ерекшеліктерін ашып көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар:дәстүрлі семинар. Берілген тапсырмаға қатысты арнаулы зерттеулердегі көзқарастарды талдау қажет.
6 апта, 1 сағат Тақырып 6. Қазақ хандығы құрылуының тарихнамасына талдау (К.А.Пищулина еңбегіне талдау). Ноғай Ордасына қатысты деректер.
Едіге және ноғай ұлысы.
Ноғайлардың этникалық құрамы, шаруашылығы, мәдениеті.
Шағатай мемлекетінің құрылуы.
Сабақтың мақсаты:Ноғай Ордасы мен Шағатай мемлекетіне қатысты деректерді ашып көрсету және мәдени дамуын қарастыру Ноғай ордасының сыртқы хандықтармен қарым қатынасы мәселелеріне тоқталу.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинарда осы мемлекеттердің мәдени дамуын, әлемдік өркениетке қоскан үлесін дәлелдеу мақсатында, нақты деректер, ғылыми зерттеулер, жаңаша ой-пікір ұсынылады.
7 апта, 1 сағат Тақырып 7. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. Қазақ хандығы құрылуының тарихнамасына талдау (Т.И.Сұлтанов еңбегіне талдау) Моғолстанның құрылуы, алғашқы хандарының саясаты
Сабақтың мақсаты: Моғолстанның құрылуы және хандыққа қатысты деректерді пайдаланып сыртқы саясатына да мән беріп көрші хандықтармен байланысын қарастыру. Әмір Темірді Орталық Азия тарихында қолбасшы және мемлекет басшысы тұрғысынан жеке алып қарастыру және империясыны құрылуының негізгі мселелеріне тоқталу. Сібір хандығы мен Шайбанилік әулиетердің тарихына тоқталу.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар конференция түрінде өткізіледі. Семинар сұрақтары бойынша, бірнеше студент алдын-ала келісіп, бірігіп презентациялар дайындайды. Басқа студенттер конференция барысында, сұрақтар қоя отырып, талқылауға қатысады.