Семинар топтама алматы, 2016


ХАЛИҚУЛОВА  ДИЛБАР   ТАШМУРАТҚЫЗЫ



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата22.12.2016
өлшемі0,65 Mb.
#100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

44
ХАЛИҚУЛОВА  ДИЛБАР   ТАШМУРАТҚЫЗЫ
Оңтүстік Қазақстан  облысы Сайрам ауданы
№89 «Қайнарбұлақ» жалпы  орта   мектебі
бастауыш сынып  мұғалімі
Білімі: жоғары,  Ангрен пед уч, 1987 жыл. ШУ, 2005жыл.
Мамандығы бойынша дипломы: бастауыш  сынып  мұғалімі
Жалпы еңбек өтілі: 29  жыл    Санаты: Бірінші
Өмірлік  ұстанымы: - Білгеніңді   білмегендерге үйрету;
                 
Бастауыш    сынып    мұғалімі  Халиқулова    Дилбар  Ташмуратқызы  жас 
ұрпаққа  сапалы  білім,  саналы  тәрбие  беру  жолында  шығармашылықпен 
жұмыс  жасап  келе  жатқан  тәжірбиелі  ұстаздардың  бірі.  Ол  өз  пәнін 
теориялық  толық  меңгерген,  білікті  жаңашыл  мұғалім.  Ізденімпаз  ұстаз 
оқытудың  жаңа  технологияларын  тиімді  пайдалана  біледі.  Әр  сабағында 
үлкен  ізденіспен,  алуан  түрлі  тәсілдер  арқылы  шәкірттердің    өзіндік  ой-
пікірін  қалыптастыруға,  шығармашылықпен  жұмыстануына  жол  ашады. 
Мысалы:  интерактивті  тақта  арқылы  өткізген  жарыс  сабағы  «Шамалар, 
олардың өлшем бірліктері», «Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу», «адамдың  
досы»  тақырыбындағы    ашық    сабақтары    ең  үлгілі  ашық    сабақтар 
қатарынан орын алды.
Кәсіби  шеберлігінің  көрінісі  ретінде,  аудандық  білім    беру    бөлімі 
басшысы    тарапынан    2014-2015    оқу    жылында  математика    пәнінен  
жүлдегер  оқушы    дайындағаны    үшін    алғыс    хатпен    марапаттады.  Осы  
жылы бөлім  басшысы Д.Айкозова  тарапынан  оқушысы  Республикалық  
«Бастау» турнирінде  жүлдегер  атанғаны  үшін  марапатталды.
Ұстаз  заман  талабына  сай  шәкірттеріне  білім  мен  біліктілік, 
дағдысын  қалыптастыру  үшін  өз  білімін  жетілдіріп,  біліктілігін  үнемі 
арттырып отырады. 2016 жылы Шымкент  қаласы, БАҰО мамандарының 
ұйымдастыруымен  өткен  «Бастауыш    сатыда  оқу-тәрбие    үрдісін  жаңа  
мазмұнда    ұйымдастыру»    курсын  аяқтап,  сертификатын  иеленді.  Осы 
жылы Шымкент  қаласы, БАҰО мамандарының ұйымдастыруымен өткен  
Қазақстан  Республикасы  орта  білім беру  мазмұнын  жаңарту  аясында 
«Музыка» пәні  бойынша курсын  аяқтап  сертификатын иеленді. 2016  жылы 
Облыстық білім  басқармасы  басшысы Қ.С. Құлажанов  тарапынан  жас  
жеткеншектерге сапалы  білім мен  саналы  тәрбие  беріп  түрлі  олимпиада  
жүлдегерлерін  дайындағаны  үшін  құрмет  грамотасымен  марапатталды.
Шығармашылық  —  бұл  адамның  өмір  шындығында  өзін-өзі  тануға 
ұмтылуы,  ізденуі.    Білімді  үйрену,  оны  басқаруға  үйрету  ұстаздықты 
мұрат еткен әрбір адамның қасиетті борышы десек, осындай ұлы парызды 

45
орындау жолында Дилбар  Ташмурат  қызы  өзінің іс-тәжірбиесін үлгі ете 
отырып, жас мамандарды тың жетістіктерге жетелейді. Тәжірбиелі ұстаздың 
Республикалық  әдістемелік-педагогикалық  Республикалық  45minut.kz    
басылымының 2016  жылғы № 3 санында, дүниетану  пәнінен  өткен  ашық  
сабағы   жарияланып,  республика көлеміне іс-тәжірибесі таратылды.
Мұғалім  өзінің  бірнеше  тәрбиелік  шаралары  мен  ашық  сабақтарын 
биылғы  оқу  жылында  да  электрондық  адрес  арқылы  республикалық 
сайттарға  ұсынып, Республикалық www.bilimnur.kz  ұстаздарға арналған  
әдістемелік  сайтына  ашық  сабақтар  топтамасы  жарияланып,  сайттың  
дипломын  алды.
Әріптестерімен  үнемі  интернет  желісінің  соңғы  жаңалықтарымен 
бөлісіп,  республикалық  сайттарға  олардың  іс  тәжірибиелерін  жариялауға 
көмектесіп,  акцияларға  қатыстырып,  тегін  сертификаттар  алып  беріп 
қуанышқа бөледі.
*  *  *  *  *
СУАТАЕВА ШОЛПАН ЧАБДЕНОВНА
Білімі: жоғары. Абай атындағы педагогикалық институт
Мамандығы: химия-биология мұғалімі
Бітірген жылы: 1989 жыл
Суатаева  Шолпан  Чабденқызы  педагогикалық  еңбек  жолын  1989 
жылы  Алматы  облысы,  Райымбек  ауданы,  Кеген  орыс  мектебінде  химия 
және биология пәнінің мұғалімі болып бастады. Қоғамдық жұмыстардың 
алдыңғы  шебінде  жүріп  осы  мектепте  1992  -1996  жылдары  аралығында 
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
1996 жылдан мектепте маман жетіспеуіне байланысты атқарып жүрген 
қызметінен  босатылып  химия  және  биология  пәндерінен  мұғалім  болып 
тағайындалды.  2013  жылдан  бастап  Жалаулы  орта  мектебінің  директоры 
болып  тағайындалды.  2011  жыл  жаратылыстану-математика  бағыты 
бойынша  10-сыныпқа арналған химия пәнінен   «Есеп шығарып үйренейік»   
кітабы  жарық көрді. 2011 жылы химия пәнінен 10-сыныпқа арналған  34  
сағатқа қолданбалы курс бағдарламасы облыс көлемінде таратылды.  2012 
жылы  жаратылыстану  бағыты  бойынша    11-сыныпқа  «Есеп  шығарып 
үйренейік»  атты  кітаптың  2-бөлімі    жарық  көрді.      2012  жылдан  бастап 
халықаралық  ұстаздар  Одағының    мүшесі.    2013    жылдың    26  сәуірінде  
«Өрлеу» біліктілікті  арттыру  Ұлттық  орталығы» АҚ филиалы» Алматы 
облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 
ұйымдастырған    «Білім  беру  қызметкерлерінің  кәсіби  өсуі-білім  берудің 
жаңа  сапасын  қамтамасыз  етудің    шарты»  тақырыбындағы  облыстық 
педагогикалық    оқуларында  инновациялық  ізденістермен  ерекшеленгені 
үшін ІІІ  дәрежелі  дипломмен марапатталды.

46
2013  жылы    Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі 
«Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы  «Акционерлік    қоғамы» 
ұйымдастыруымен «Педагогтың кәсіби өсуі – білім берудің  жаңа сапасын 
қамтамасыз  етудің    басты    шарты»  атты  білім  беру  қызметкерлерінің  
бірінші  Республикалық  педагогикалық  оқуларының секция  жұмысына  
қатысқаны үшін  сертификатқа ие болды  және  2013 жылдың   Білім беру 
қызметінің  облыстық  педагогикалық    оқулары  «Педагогтың    кәсіби  өсуі-
білім берудің  жаңа сапасын қамтамасыз  етудің басты шарты», «Баяндамалар 
жинағының» І-бөлімінде  «Образованность-гордость и  опора Государства»  
атты мақаласы «Алматы» баспасына  шықты.
2013    жылдың    Қазақстан  Республикасы  педагог  кадрларының  
біліктілігін арттырудың дейңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) 
деңгей  бағдарламасы  бойынша  мұғалімдерді  оқыту  курстарын    аяқтап, 
сертификатқа ие болды.
2015  жылы  «Алматы  облысы  білім  басқармасы»  ММ  «Әдістемелік 
кабинеті»  МКҚК  ұйымдастыруымен  Қапшағай  қаласында  өткен  «Оқыту 
үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау»  атты  семинардың  (І  деңгей  курсы 
бойынша  сертификатталған  педагогтар)  2-секциясында  «Оқыту  үшін 
бағалау  және  оқытуды  бағалау»  шебер  сынып  өткізіп,  облыс  көлемінде 
тәжирибе таратқаны үшін сертификатқа ие болды.  2015 жылы  Қазақстан 
Республикасы және ғылым Министрлігі  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық 
орталығы» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы  және  ғылыми-
педагогикалық  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыратын  республикалық 
институты жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі зор еңбегі 
үшін алғыс хатпен   марапатталды.
2015  жылы    Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  министрлігі  
Республикалық  «Педагогика.  Kz  оқу  –  кеңес  орталығының    Қазақстан 
Республикасының  білім  саласында  жалпыға  бірдей  білім  беруді  дамыту 
үрдісі  мемлекеттік    бағдарламасы  мақсатында  Республикалық  «Ұстаздық 
еткен  жалықпас»  педагог-ұстаздар  шығармашылығы  байқауына  белсене 
қатысып,  кәсіби  шеберлігігімен  «Жүлдегер»    даңқын  №  0000206 
сертификатымен,    «Ашық  сабақ  әзірлемесі»  бағыты  бойынша  І  дәрежелі 
дипломмен, алғыс хатымен марапатталды.
*  *  *  *  *

47
ШЫҢҒЫСБАЙ БАЛЖАН САҒАТБЕКҚЫЗЫ
Мекен жайы: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы.
Жұмыс орны: МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы.
Туған жылы: 14.01.1983
Білімі: Жоғары.  Біліктілік санаты:  II- санат
Педагогикалық өтілі: 14 жыл
Бітірген оқу орны: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан 
Мемлекеттік Университеті. Аймақтық  Әлеуметтік Инновациялық  
Университеті
Мамандығы: Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі.
                          Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие.
Адамзатты ежелден ойландырып,толғандырып келе жатқан,қоғамдық 
құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе – жас 
ұрпақты өмір сүруге дайындау.
Тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет- баланы құрметтеу.Оның адамшылық 
ар – ожданы, намысы тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл 
тәрбиешінің  терең  дүниетанымы  мен  үлкен  жүрегінен  келіп  шығады.  Әр 
баланы жас ерекшелігі, мінез құлқы, өскен ортасына қарай танып, азамат 
қылып қалыптастыру–әр тәрбиешінің мұраты. Педагог  қандай болу керек? – 
деген сұрақтың жауабын дана, данышпан Абай атамыздың шығармаларынан 
табамыз.Ол - «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иесі.
Тәрбиеші    атану,  оны  қадір  тұту,  қастерлеу,  арыңдай  таза  ұстау  - 
әр  тәрбиешінің  борышы.  Ол  -  өз  кәсібін,    барлық  тәрбиеленушісін, 
балабақшасын  шексіз  сүйетін  адам.  Осы  іске  деген  қызығушылық  пен 
сүйіспеншілік  қана  оны  небір  қиын  әрекеттерге  жетелейді,  іске  батыл 
кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі 
тәрбиеші  болып қалады. Тәрбиешінің  осыншама қадір-қасиет, құрметке 
бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір бүлдіршінге асқан сезімталдықпен, 
жауапкершілікпен қарауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы болуы, 
мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі - бүлдіршінге 
де,  ата-анаға  да,  жұртшылыққа  да  өнеге.  Білім  беру  жүйесі  мамандардан 
кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен 
өзін-өзі  басқару,  өзін-өзі  ұйымдастыру  жағдайындағы  біліктілікті  қажет 
етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті.
Тәрбиешінің негізгі басты мақсаты - рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі 
мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы тәрбиешілер 
информатор, бақылаушы, жазалаушы қызметін тастап, керісінше, ізденуші,  
өнертапқыш,шығармашылықпен  жұмыс  істейтін  жаңашыл  болу  керек. 
Сондықтан  да  педагог  алдындағы  басты  міндет  ХХІ  ғасырдың  есігінен 
еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін құрметтей 

48
білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, заман талабына сай 
белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай «Еңбек үздіксіз 
үйренгендіктің  арқасында  жеңілдей  түседі».  Олай  болса,  жас  ұрпаққа 
үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын. Осы орайда 
«Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары» тақырыбындаға 
эссемді Ғабу Қайыркеновтің өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
  Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
  Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы.
  Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,
  Ұстаз болу- адамның асылдығы.
*  *  *  *  *
ТУСУПОВА ЛЮБОВЬ НИКОЛАЕВНА
Учитель физики и математики, высшей категории.
КГУ “Средняя школа №1 им. М.В. Инюшина г. Серебрянска”  
Зыряновский район, Восточно-Казахстанской области
Образование:  высшее,  Усть-Каменогорский  педагогический  институт 
по специальности «физика и математика» в 1989 году.
Стаж работы: 26 лет   Педагогический стаж: 26 лет
Квалификация: высшая, 2014 г
Преподаваемый предмет: физика, математика, категория высшая
Индивидуальная  тема  самообразования:  «Повышение  качества 
обучения физике и математике через использование ИКТ».
ИКТ  –  одна  из  фундаментальных  отраслей  научного  знания, 
формирующая системно-информационный подход к анализу окружающего 
мира, изучающая информационные процессы, методы и средства получения, 
преобразования, передачи, хранения и использование информации.
Сегодня  в  мире  нет  ни  одной  отрасли  науки  и  техники,  которая 
развивалась  бы  столь  же  стремительно  и  порождала  такое  разнообразие 
подходов к изучению материала, как информатика. Очень важной задачей 
школы  на  сегодняшний  день  является  подготовка  конкурентоспособного 
выпускника, владеющего новыми информационными технологиями.
Учебная  деятельность,  как  и  любая  другая,  определяется  мотивами, 
выраженными  через  познавательный  интерес.  Если  у  ребенка  появляется 
интерес к предмету, то развиваются и мотивы к обучению. Преподавание 
физики  в  школе  подразумевает  постоянное  сопровождение  курса 
демонстрационным экспериментом. С появлением компьютерной техники  
появилась  возможность  дополнить  «экспериментальную»  часть  курса 

49
физики  и  значительно  повысить  эффективность  уроков.  Использование 
компьютеров на уроках превращает их в настоящий творческий процесс, 
позволяет  осуществлять  принципы  развивающего  обучения.  Есть 
возможность отобрать необходимый материал, подать его ярко, наглядно и 
доступно. Основной педагогической идеей является создание условий для 
формирования устойчивой, положительной мотивации обучающихся.
Мои ученики
• 
Величко Анна—2011 г.  Получила  знак  «Алтын Белгі»  ( студентка 
НГТУ)
• 
Цурикова Ольга – 2011г.  1 место в районной олимпиаде по физике. 
10 класс        ( студентка медицинского колледжа)
• 
Цуриков Николай—2012г 1 место в районной олимпиаде по физике.  
10 класс             ( студент ВКГТУ)
• 
Ножников Павел—2012г. 2 место в районной олимпиаде по физике.  
11 класс       ( студент БПУ)
• 
Турсынбеков Асет—2012г. 3 место в районной олимпиаде по физике. 
11 класс.            ( студент ВКГТУ)
• 
Доронин Дмитрий – 2012г. 2 место в районной олимпиаде по физике.  
9 класс      
• 
Руденко Тимофей – 2012г.  3 место в районной олимпиаде по физике. 
9 класс Саяков Алишер—2013г. 3 место в районной олимпиаде по физике. 
( студент ВКГТУ)
*  *  *  *  *
МУКАТАЕВА МЕРИКЕ АДЫЛКАНОВНА
Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы,
«Зырян қаласының №11 орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Білімі: Жоғарғы
Педагогикалық өтілі: Өскемен педагогикалық институты - 1986 жыл.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2001 жыл,
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі - 29 жыл
Біліктілік санаты:  Жоғары
Өзекті  тақырыбы:  «Жаңа  педагогикалық  және  ақпараттық 
технологияларды  тиімді  қолдана  отырып  қазақ  тілі  және  әдебиет  пәні 
сабақтарында ауызша тілді дамыту»
Қолданатын  технологиялар:  Шаталовтың  технологиясы,  сын 
тұрғысынан ойлау технологиясы және ақпараттық технологиялар.

50
Өтілу 
мерзімі 
(жылы, айы, 
күні)
Курс, семинар,
тренинг, атауы
Аяқтау 
жөніндегі 
құжат, 
құжат №
Өту орны
2011 жыл 
қыркүйек
«12 жылдық 
білім беруге көшу 
жағдайында қазақ 
әдебиетін оқыту 
ерекшеліктері»
Сертификат  
№ 0232676
ШҚО БАИ-да
2012 жыл 
сәуір
«Мемлекеттік 
тілді меңгерудің 
инновациялық 
технологиялар 
жүйесін құру»
«Қазақ тілі 
мен әдебиеті 
оқытушыларының 
қауымдастығы» 
корпоративтік қоры 
Астана – 2012
2012 жыл
«Мемлекеттік  
тілді оқыту 
сапасын арттыру 
жолдары»
№ 0048742
«Өрлеу» біліктілікті 
арттыру ұлттық 
орталығы» 
АҚ филиалы 
ШҚО бойынша 
педагогикалық 
қызметкерлердің 
біліктілігін арттыру 
институты
2015 жыл  
14 наурыз
«Қазақ тілі 
мұғалімдерінің 
кәсіби 
құзыреттілігін 
интербелсенді 
әдіс- тәсілдер 
арқылы дамыту»
Сертификат  
№ 0028284
ҚР білім және ғылым 
министрлігі «Өрлеу» 
біліктілікті арттыру 
ұлттық орталығы» 
АҚ филиалы 
ШҚО бойынша 
педагогикалық 
қызметкерлердің 
біліктілігін арттыру 
институты

51
ЖҰМАҒАЗИЕВА ГАУҺАР ХАБИЖАНҚЫЗЫ
Туған жылы, айы, күні: 18ақпан 1989ж.
Туған жері: Атырау қаласы, Махамбет ауданы, Жалғансай селосы 
Білімі: 2004-2008 ж. Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық 
колледжі. Мамандығы: «Шетел тілі» 
Біліктілігі: «Негізгі мектептің шетел (ағылшын) тілі мұғалімі және жеке 
компьютерді пайдаланушы»
Еңбек өтілі:  11.11.2008– қ.у. №30 «Жұмбақ» балабақшасы 
Лауазымы: ағылшын тілінің оқытушысы     Санаты:  ІІ санат
Қосымша  ақпарат:    Орындаушы,  ұқыпты,  тіл  тапқыш,  өмірлік 
ұстанымы белсенді, әдепті, алға мақсат қоя білу, зейінді, мейірімді
Жетістіктері:
• 
2011 ж. – Балабақшаішілік кіші педагогикалық оқу – І орын;
• 
2011 ж. – Ерен  еңбегі, шығармашылық ізденісі үшін – Грамота «Ең 
үздік балабақша оқытушысы»;
• 
2011 ж. – Қалалық білім бөлімі - «Білім беру мазмұнын жетілдіруде 
инновациялық технологиялар арқылы жеке тұлға қалыптастыру» XII 
Қалалық педагогикалық оқу - ІІ дәрежелі диплом;
• 
2011 ж. - Қалалық білім бөлімі - «Баламалы бағдарламалар және 
әдістемелік нұсқаулар» конкурсы - «Таңдаулы көмекші дидактикалық 
құрал» номинациясы;
• 
2012 ж. – Балабақшаішілік «Мамандығым мақтанышым» атты 
конкурста –Гран при;
• 
2015 ж. – «Театрлық іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы мектеп 
жасына дейінгі баланың сөздік шығармашылығын және мәнерлеу 
тілін дамыту» атты педагогикалық шеберлік апталығында «Үздік 
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін» көрсеткені үшін Алғыс хатпен;
• 
2015 ж. - «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға 
арналған дидактикалық ойындарды педагогикалық процессте қолдану» 
атты педагогикалық шеберлік апталығында өз шығармашылығын көрсете 
білгені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
• 
2012 ж. - Республикалық, мектепке дейінгі сәби тәрбиесіне 
арналған, ғылыми әдістемелік, педагогтік «Отбасы және балабақша» 
атты журналының, наурыз-сәуір, №2 басылымына - «Ит қалай үй 
тұрғызды?» атты сабағы;
• 
2015 ж. – Республикалық, мектепке дейінгі сәби тәрбиесіне 
арналған, ғылыми әдістемелік, педагогтік «Отбасы және балабақша» 
атты журналының, наурыз-сәуір айындағы №2 басылымына «Амандасу – 
«Gretting» тақырыбындағы сабағы;

52
• 
2015 ж. - Республикалық «45 minut.kz» газетінің сайтына – 
«Ағылшындар несімен ерекше?», «», «Ғажайып қала – Лондон» атты 
сабақтар;
• 
2016 ж. - Мұғалімдерге арналған «kopilkaurokov.ru» сайтында 
«Санта Клаустың сәлемдемесі» атты авторлық жұмысы;
• 
2016 ж. - Ұстаздар мен оқушыларға арналған «oqu-zaman.kz» 
қосалқы білімді сайтында «Санта Клаустың сәлемдемесі» тақырыбындағы 
жұмысы;
• 
2016 ж. – «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ағылшын 
тілінің ғажайыптары» атты әдістемелік құрал жарық көрді.
*  *  *  *  *
АЛДИЯРОВА ГҮЛЗИЯ  ТӨЛЕМІСҚЫЗЫ
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,  
Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектеп
Білімі: жоғары, Ақтөбе педагогикалық училищесі 1982-1986 жж
Ақтөбе педагогика институты 1987- 1991 жж
Мамандығы:  Бастауыш класс мұғалімі
Санаты:  жоғарғы біліктілік деңгейдің жоғары санаты   Еңбек өтілі:  
30 жыл
         
Жетістіктері:
• 
1991 жыл Облыстық үздік панаромалық сабақтар байқауы ІІІ орын 
иегері.
• 
1999 жыл Аудандық жыл мұғалімі жеңімпазы
• 
2000 жыл Аудандық  «Жыл сынып» жетешісі ІІ орын,
• 
2009 жыл «Үздік класс жетекші» грант иегері
• 
2005 «Жетпіс керемет»  атты дидактикалық құрал авторы
• 
2003, 2005 жылдары Білім беру саласындағы жемісті еңбек етіп, 
елеулі жетістіктерге қол жеткізгені үшін   Облыстық білім департаментінің 
Құрмет грамотасымен марапатталды.        
• 
2007жыл. Мектептің 80 жылдығына  орай Облыстық білім 
басқармасының Құрмет грамотасы.
Оқушылары  «Ақбота»,  «Кенгуру  -математика»    интеллектуалдық 
«Золотое руно» , интеллектуалдық байқаудың 2007,2008,2011,2012,2013,2014 
оқу  жылдарында  І  және  ІІ,  ІІІ  орын  жүлдегерлері  мен  қатар  облыстық 
«Кішкентай білгірлер» сайысының бас жүлдегерлерін даярлаған.
«Жаңа  тұрпатты    мұғалімнің    педагогикалық      қырлары»  атты  еңбегі 
Халықаралық  оқу    конференциясының    жинағына      енгізілген.  Қалалық 
ғылыми –әдістемелік орталықтан шыққан «Үлгерімі  нашар оқушылармен 

53
жұмыс»  әдістемелік көмекші құралдың авторы.
Облыстық  Дарын  орталығынан  «Қабілеттілік  –  дарындылық  бастауы»  
әдістемелік    құрал  құрастырған.  «51–ші  Халықаралық  математика 
олимпиада (ІМО-2010) Қазақстанда» атты    математикалық  байқаудың 2 
орын  жүлдегерін даярлаған. 2011 «Инновациялық оқыту жағдайында шағын 
жинақты  мектептерде  сапалы  білім  беру»  тақырыбында  республикалық 
ғылыми  Онлайн  режимінде  практикалық  конференцияда  баяндамасы 
жинаққа  енгізілді.  2009  ж  Облыстық  білім  жетілдіру  және  қайта  даярлау 
институы жанынан  «Оқу мен жазуды Сыни тұрғыдан ойлау  технологиясы 
арқылы оқушы шығармашылығын дамыту» тақырыбында әдістемелік құрал 
авторы. 2010 ж  ШЖБМ Еңбекке баулу»  әдістемесінің  авторы. 2011 жылы 13 
маусымдағы Ақтөбе облысы білім басқармасының №2-1886 бұйырығында 
көрсетілгендей  республикалық    «Үздік  бейне  сабақтар»    тізбесіне 
енгізілді.  2012-2014  жылдар  аралығында    «45  минут»  сайтында  бірнеше  
сабақтары  жарияланып,сертификат  және  грамоталармен  марапатталды. 
2012 жылы -әдістемелік Ақтөбе облыстық оқу орталығы   PIAR акциясына 
қатысып, ІІІ орын иеленген. 2013жыл Ақтөбе облыстық оқу орталығының  
шығармашылық  сараптамалық  топтағы  еңбегіне  Алғыс  хат.  2014    жыл.
ІІ Халықаралық  ғылыми –практикалық конференцияға белсенділігі үшін 
Алғыс хатпен марапатталды. 2015 жыл Облыстық экспериментке қатысудағы 
жетістігі  үшін  Алғыс  хат.  2016жыл  Мектептегі  пәнаралық  кіріктірілген 
сабақтарда    өзін  –өзі  тану  пәні  бойынша  өз  тәжірибесін  бөліскені  үшін 
Облыстық  әдістемелік  орталықтың  Алғыс  хатын  иеленсе,  осы  жылы 
Үздік  оқығаны  Республикалық  «Бөбек»  ҰҒПББСО  орталығының  Алғыс 
хатымен  марапатталып,    «ZIAT»    Республикалық    Ғылыми  –  әдістемелік 
орталығының  «Үлгілік сабақ» сайысының 1 орын иегері атанды. Егемен 
еліміздің болашақ Қазақстан Республикасының «Шығармашыл.Тәжірибелі 
Ұстаз» төсбелгісіне лайық ұстаз. Шығармашылығымен тәуелсіз еліміздің 
болашақ  иелерін  тәрбиелеуде  Алдиярова  Гүлзия  Төлемісқызы  алдағы 
уақытта әлі де жемісті еңбек етеді деген сенім мол.
*  *  *  *  *


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет