Семинар Зертханалық



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата11.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#42442
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Силлабус. Әдеби процесс 3

 
Тақырыбы: Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар. Әдеби мектеп. 
Сағат саны 2 
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесі. 
2. Әдеби дамудың формалары – әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп. 
Дәріс тезисі: Әдебиет даму тарихында, оның әр кезеңінде де көркемдік әдістің маңызы ерекше. 
Мысалы, ХУІІІ ғ. Еуропа әдебиетінде, осы кезеңдегі әдеби процесте романтизм әдісі басым болса, 
ХІХ ғасыр әдебиетінде реализм көркемдік әдісі үстемдік құрды. ХІХ ғасырдың орыс әдебиеті 
тарихында алтын ғасыр атануы осы реализм әдісінің жетекші, үстем әдіс болуымен байланысты. 
Сөз өнері тарихында басты екі көркемдік әдіс бар, олар реализм және романтизм әдістері. Әдеби 
бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп, бұлар бір ұғымдар емес, алайда бір-бірінен соншалықты алшақ 
құбылыстарды емес, керісінше бір-бірімен байланысты, қатар өмір сүретін құбылыстар. Көркемдік 
әдіс жеке қаламгерге емес, жазушылар тобына қатысты ортақ мәселе. Мысалы, кеңестік дәуір 
қаламгерлерінің бәрінің өмір шындығын бейнелеуде ұстанған ортақ бір әдісі – социалистік 
реализм әдісі деп аталды. Романтизм – көркемдік әдіс жеке қаламгерге емес, жазушылар тобына 
қатысты ортақ мәселе. Мысалы, кеңестік дәуір қаламгерлерінің бәрінің өмір шындығын 
бейнелеуде ұстанған ортақ бір әдісі – социалистік реализм әдісі деп аталды. Реализм – Әдебиет 
пен өнердегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылығын сақтай отырып
жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Әр әдеби 
бағыттың немесе әдеби ағымның өз платформасы, бағдарламасы болуы заңдылық. Ағым – 
бірнеше жазушыға тән творчестволық ерекшелік. Әдеби ағым – тарихи категория: жалпы 


қоғамдық дамудың белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен 
бірге дамып, бірге жоғалып отырады. Әдеби ағымдар: Натурализм, сентиментализм, классицизм, 
модернизм. Әдеби мектеп ұғымының басты бір ерекшелігі оның жалпы қаламгерлерге емес, жеке 
үздік сөз зергері шығармашылығына қатысты құбылыс екендігінде. Әдеби мектеп үздік талаптың 
өнердегі өнегесіне, оның өзгелерге тікелей шығармашылық ықыласы мен жетекшілігіне қатысты 
ұғым. 
Бекіту сұрақтары 
1. Әдеби ағым – тарихи категория. Әдеби ағым түрлері туралы қандай зерттеу еңбектері бар? 
2. Классицизм ағымы, туу тарихы, ерекшелігі, өкілдері туралы қысқаша айтып беріңіздер? 
3. Сентиментализм, негізгі бағыт – бағдары, туу тарихы, ерекшелігі қандай? 
4. Натурализм ағымы, негізгіпринциптері туралы зерттегендер кімдер? 
5. Классицизм кезеңінің эстетикалық прнициптері қандай болды?
Әдебиет
1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 292 
бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 
2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 1-4том: оқулық. - Алматы: 
Ұлттықаудармабюросы, 2019.
3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 
- 172 бет. 
4.Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.5. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. - Астана: 
Фолиант, 2005. - 536 б.
5.Шәбжантайқызы М. Әдебиет теориясы – көркемсөз ғылымының айнасы. - Көкшетау, 2002. - 186 
б. 
 
Тақырыбы: Батыс Европа эстетикасы тарихынан. Классицизм өнері эстетикасы. 
Сағат саны 1 
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Классицизм өнерінің туып қалыптасуы. 
2. Классицизм өнері эстетикасының көне грек өнері және қайта өрлеу дәуірі эстетикасымен 
байланысы. 
3. Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты – классицизм өнерінің теориялық бағдарламасы. 
Дәріс тезисі:Классицизм (лат. classicus – үлгілі деген сөзінен) XVIII ғ. француз мәдениетінде 
қалыптасты және француз абсолютизмінің идеясын бейнеледі. XVIII ғ. классицизм буржуазиялық 
ағартушылықпен 
байланысты 
болды 
және 
қоғамның 
буржуазиалық-революциялық 
құлшыныстарын көрсетті. Рационализм идеяларына негізделген классицизм стилі биік, ерлік және 
өнегелі идеалдарды бейнелеуге, айқын, үйлесімді бейнелерді жасауға тырысты. Сонымен қатар 
классицизмге утопизм, идеализация, дерексіздік, академизм белгілері тән болды. Қайта өрлеу 
дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII 
ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың 
тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда «жанр» ұғымы 
қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың 
қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы 
теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп 
есептейді. XVII ғасырдың бірқатар Еуропа елдерінде корольдік билік орнаған соң, өнердегі ең 
басты бағыт болып классицизм қалыптасады. Классицизм (classicus) латын тілінен аударғанда "ең 
үлгілі" деген мағынаны білдіреді. Драматургия мен театр жағынан классицизм, әсіресе Францияда 
XVII-XVIII ғғ. кең етек жайды. Әдебиеттегі классицизм ерте замандағы грек және римнің 
классикалық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет